Қазақстан республикасының білім жәНЕ


V. Студенттердің білімін бақылау және бағалау жҥйесі



жүктеу 0.74 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата25.04.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

V. Студенттердің білімін бақылау және бағалау жҥйесі 

 

1.

 



Студенттерді бақылау және бағалау баллдық-рейтингтік 

жүйе бойынша жүргізіледі. 

2.

 

Баллдық-рейтингтік  жүйеге  аралық  және  ағымдық 



бақылаулар,  үй  жұмысы,  сондай-ақ  қорытынды  аттестация 

жатады. 


Оқу  үлгерімінің  І-Рейтинг  және  ІІ-Рейтинг  аралық 

бақылауы  -  оқу  пәнінің  әр  тақырыбы  немесе  жеке  тарауы 

бойынша  оқытушы  жүзеге  асыратын  студенттің  оқу 

жетістіктерін  жүйелі  тексеру.  І  Рейтинг  әр  семестрдің  7 

аптасында  ӛткізіледі.  ІІ  Рейтинг  әр  семестрдің  14  аптасында 

ӛткізіледі.  Студент  І  Рейтинг  және  ІІ  Рейтингті  міндетті  түрде 

тапсыруы  қажет,  себебі,  оның  нәтижесі  қорытынды  бақылауда 

және  шәкіртақы  тағайындауда  ескеріледі.        Рейтингтің 

кӛрсеткіші 0 ден 100 пайызға дейін бағаланады.  

Рейтингтерден  ӛтпеген  студенттерге  қайта  тапсыруға 

(дәлелді  себебі  болмаған  жағдайда,  ауырғандығы,  т.б.)  рұқсат 

берілмейді.        

Қорытынды  бақылау  -  оқу  пәнін  оқып  біткеннен  соң 

академиялық  кезең  соңында  ӛткізілетін  студенттің  оқудағы 

жетістіктерін  тексеру.  Қорытынды  бақылау  кезінде  студенттің 

ағымдық  және  аралық  бақылау  нәтижелеріндегі  жинаған 

кӛрсеткіштері  есепке  алынады.  Қорытынды  бақылау  ӛткізу 

формасы  емтихан  болып  табылады  (ауызша,  жазбаша,  тест 

түрінде). 

3.

 



Студенттің  оқу  пәнін  меңгеру  деңгейін  сипаттайтын 

қорытынды  баға  емтихан  ведомостіне  балдық-рейтингтік  жүйе 

параметрлерімен,  білімнің  4  балдық  жүйесімен,    эквивалентті 

әріптік баға шкаласымен кӛрініс алатын тәртіппен енгізіледі. 

4.

 

Студенттердің  білімділік  бағасы  60%  аралық  бақылау 



және  40%  қорытынды  бақылау  бағаларын  құрайтын  балдық-

рейтингтік жүйе негізінде қорытылады. 



 

 

 

 

 

11 


VІ. GPA есептеу әдісі 

 

Студенттің    академиялық  үлгерімінің  қорытынды дәрежесі 

бір жылдағы  кредит сомасының және пән бойынша қорытынды  

орта баллы (GPA) негізінде бағаланады. 

                  (И1хК1+И2хК2+И3хК3+И4хК4+И5хК5) 

 GPA= ------------------------------------------------------- 

                            К1 + К2 + К3 + К4 + К5 

Мұндағы:  И1,  И2,  И3  ,  т.б.  –  пәндер  бойынша  пайыздық 

кӛрсеткіш; К1, К2, К3, т.б. – оқу пәндерінің кредиттік кӛлемі. 

Оқу  жылы  соңында  офис-регистратор  әр  студенттің  GPA 

анықтап,  15  шілдеге  дейін  студентті  курстан-курсқа  кӛшіру 

туралы  бұйрықты  дайындайды.  GPA  балы  курс  жоғарлаған 

сайын  артады.  

1 курстан 2 курсқа кӛшу үшін  GPA 2,0 балдан кем болмауы 

тиіс (яғни үлгерімділік деңгейі С);  

2  курстан  3  курсқа  кӛшу  үшін  –  2,33  балдан  кем  болмауы 

тиіс (үлгерімділік деңгейі C+);  

3  курстан  4  курсқа  кӛшу  үшін  –  2.67  балдан  кем  болмауы 

тиіс (үлгерімділік деңгейі В-).  

Егер  студент    GPA  кӛрсетілген  мӛлшерден  тӛмен  болса, 

онда  келесі  курсқа  кӛшірілмей,  аталған  курсты  қайта  оқиды. 

Оқу  ақылы  негізде  жүзеге  асырылады.  Қайта  оқу  курсына 

қалдырылған  студент,  білім  беру  грантының  иегері  болған 

жағдайда,  білім  беру  грантынан  айрылады.  Одан  әрі  оқуын 

ақылы  негізде  жалғастырады.  Ӛту  балын  жинаған  және  келесі 

курсқа  ауыстырылып,  академиялық  берешектері бар  білім  беру 

грантының  иегер  білім  алушылар  үшін  білім  беру  гранты 

сақталады.  Ал  тапсырылмаған  пәндерді  ақылы  түрде  қайта 

оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті. 

GPA  және  курстан-курсқа  кӛшу  туралы  белгі  студенттің 

сынақ кітапшасы мен транскриптіне енгізіледі. 

ЖОО-нан  шығарылған  тұлғаға  білім  алуды  аяқтамаған 

азаматтарға берілетін анықтама беріледі. 

Студенттің  курстан-курсқа  кӛшуінде  қажетті  GPA 

балын  жинауда  ағымдық  және  аралық  бақылаудан  жоғары 

балл жинау керектігі ескертіледі! 


 

12 


VІІ. Студенттің адамгершілік Кодексі 

1. Жалпы ережелер 

 

1.1.  Беріліп  отырған  Кодекс  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университеті  студенттерінің  тәртібін  реттеуге 

негіз болап табылады. 

1.2.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінде 

студенттерге  білім  беру  азаматтардың  білім  алу  жӛніндегі 

конституциялық құқықтарына сәйкес жүзеге асырылады. 

1.3.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінде 

білім  алуда  оқу  пәндерінің  ережелерін  сақтау  берілген  Кодекс 

нормалары  мен  жалпы  этика  ережелеріне  сәйкес  жүзеге  асуы 

қажет. 

1.4. Студент ӛз университеті мен факультетінің беделін кӛтеруге 



және қорғауға міндетті. 

1.5.  Студент  ӛзінің  әрекеті  арқылы  басқалардың  университет 

жӛніндегі кӛзқарасына зор ықпал жасайтынын ұғынуы қажет. 

1.6. Университет әкімшілігі берілген Кодекс нормаларын бұзған 

студентке  оның  әрекеттерінің  салдарына  қарай  келесі  шаралар 

қолданады: 

-  ескерту жасау,  сӛгіс жариялау; 

-  студенттің жеке ісіне енгізілетін қатаң сӛгіс жариялау; 

-  жатақханадан шығару; 

-  университеттен шығару. 

 

2.

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті студенттерінің тәртіп нормалары 

 

2.1.  Студент  университет  оқытушылары  мен  студенттерін, 

олардың пікірлері мен кӛз қарастарын сыйлауы тиіс. 

2.2. Студент университеттің оқытушылары, қызметкерлері және 

студенттерімен араласқанда сыпайы және ізетті болуға міндетті. 

2.3. Студент жоғары қорытындыға иеленуі үшін оқуға адал және 

жауапты қарауы қажет. 

2.4.  Студент  университет  тәртібін  сақтауға  міндетті:    ішімдік 

ішіп  институтқа  келуге,  оқу  орынында,  жатақханада,  корпус 

алдында  шылым  шегуге,  бейауыз  сӛздерді  қолдануға  тыйым 



 

13 


салынады.  Сабақ  үстінде,  кітапханаларда  ұялы  телефондармен 

сӛйлесуге,  сабақ  барысында  аудиторияда,  коридорда  және 

кітапханалардың  оқу  залдарында  жұмыс  жүргізуге  кедергі 

жасауына  тыйым салынады. 

2.5.  Студентке  сабақтан  қалуға  және  сабақтарды  бос  жіберуге 

болмайды. 

2.6.  Студент  университеттің  оқу,  қоғамдық  және  спорт  ӛміріне 

белсенді қатысуы тиіс. 

2.7.  Студент  университеттің  мүлкіне  және  материалдық-

техникалық  құрал-жабдықтарына  жанашырлықпен  қарауға 

міндетті. 

2.8.  Студент  берілген  Кодекстің  нормаларының  орындалуына 

жауапты. 

 

3.



 

Студенттің Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеттің оқытушыларымен қарым-қатынасы 

 

3.1.  Университет  студенттері  мен  оқытушылары  арасында 

сенімді қарым-қатынас қалыптасуы қажет. 

3.2.  Студент  сабақтан  тыс  уақытта  оқытушыға  оқу  тәртібі, 

ғылым және осы Кодекс нормаларына сәйкес келетін мәселелер 

жӛнінде кеңес алуға ерікті. 

3.3.  Бекітілген  тәртіп  бойынша  студент  оқу  және  қоғамдық 

қызметке,  сондай-ақ  жалпы  этика  нормаларына  сәйкес  келетін 

жеке  мәселелерінің  шешімін  университет  басқармасынан  алуға 

ерікті. 


4.

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті студенттерінің ара қатынасы 

 

4.1  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті 

студенттерінің  ӛзара  қарым-қатынасы  ӛзара  сыйластықпен, 

сенімділікпен, бірге әрекет етумен, ӛзара түсіністікпен және бір 

біріне кӛмек кӛрсетумен қалыптасуы керек. 

4.2


 

Студенттердің  бір  бірімен  араласуы  барысында 

университет  оқытушылары  мен  басқа  студенттерінің  кәсіби 

және  адамгершілік  қасиеттерін  сынап,  оларға  тіл  тигізуге  жол 

берілмейді. 


 

14 


 

VIII.  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті  кітапханасын пайдалану ережесі 

1.

 

Жалпы ережелер 

 

1.1.


 

Кітапхана 

университеттің 

студенттерінен, 

магистранттарынан,  ғылыми  қызметкерлерінен,  профессор-

оқытушылар  құрамынан  және  басқа  да  қызметкерлерден 

тұратын  оқырмандарды  қажетті  ақпаратпен  қамтамсыз  етуге 

міндетті.  

1.2

 

Кітапхана  қызметі  барлық  мамандықтардың  оқу 



жоспары  бойынша  білім  алушы  студенттердің  сапалы  оқуын 

қамтамасыз етуге бағытталады 

1.3

 

Университет  кітапханасының  қорымен  пайдалану 



құқығына кепілдік беруші құжат – студенттік билет. 

1.4


 

Оқырман  кітапхана  тіркеуінен  ӛту  барысында  міндетті 

түрде  университет  кітапханасын  пайдалану  Ережесімен 

танысуы қажет. 

1.5

 

Кітапхананың  жұмыс  істеу  кестесі  кітапхананың  кіре 



берісінде ілінеді. 

 

 



2.

 

Оқырмандардың қҧқықтары, міндеттері және 

жауапкершілігі 

 

2.1 Кітапхана оқырмандарының қҧқықтары: 

 



кітапханамен  ұсынылатын  кітапханалық-ақпараттық 

қызмет түрлерін пайдалану; 

 

каталог  және  басқа  да  кітапханалық  ақпарат  беруші 



құралдар арқылы университет кітапханасы қорының құрылымы 

жӛнінде толық мәлімет алу; 

 

кітапхана 



қорындағы 

кез-келген 

басылымдардың 

абонементтерін уақытша пайдалануға және оқу залдарына алу; 

 

басылымдарды іздеу 



 

 таңдау барысында кеңес алу. 



 

2.2  Оқырмандардың міндеттері: 

 

15 


 

 



Оқырмандар ережелерін  сақтау

 



кітапхана 

қызметкерлерімен 

қатынасқа 

түсуде 


сыпайылық пен ізеттілікті сақтау; 

 



кітапхана қорынан алынған басылымдарды бүлдірмеу: 

 



басылымдарды бекітілген мерзімде қайтару; 

 



оқырман  формулярында  немесе  басқа  да  есеп  беруші 

құжаттарда жазылған басылымдарды кітапханадан сыртқа алып 

шығармау; 

 



кітапхана  қорындағы  басылымдардың  беттерін  сызбау, 

белгілемеу, жыртпау; 

 

кітапханадан  кітап  және  басқа  да  материалдар  алғанда 



оқырман  оларды  нақтылап  қарап,  бүлінген  жерлерін  байқаған 

жағдайда  кітапханашыға  хабарлауы  керек,  егер  бүлінген 

кітаптар мен материалдарды байқап, кітапханашыға ескертпеген 

оқырман, соңғы пайдаланушы ретінде сол кітаптың бүлінуі үшін 

жауап береді; 

 



университеттен  шыққан  кезде  оқырман  ӛз  қолындағы 

университет  кітапханасының  қорынан  алынған  басылымдарды 

қайтарады. 

 

 

2.3 Оқырмандардың жауапкершілігі: 

 

 



оқырман 

басылымдарды 

жоғалтпауға 

немесе 


бүлдірмеуге жауапты, 1 басылымды жоғалтқан немесе бүлдірген 

жағдайда  оқырман  кітапханаға  осы  басылымның  5  данасын 

қайтаруы  тиіс,  ал  осы  басылымды  қайтара  алмайтын  жағдайда 

басылымның  коммерциялық  бағасын  5  есе  артық  тӛлеуге 

міндетті; 

 



кітапхана қорын пайдалану Ережесін бірнеше рет бұзған 

оқырман  6  айлық  мерзімге  кітапхананы  пайдалану  құқығынан 

айырылады; 

 



басылымды 

қасақана 

бүлдіргені 

үшін  оқырман 

кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады. 

 

         2.4  Кітапхана міндеттері 



 

16 


 

 



Кітапханадағы  кӛрсетілетін  қызметтердің  барлық  түрлері 

жӛнінде оқырмандарға хабарлау. 

 

Оқырмандарға  кітапхананың  барлық  ақпарат  кӛздерін 



пайдалану мүмкіндіктерін қамсыздандыру. 

 



Компьютерлеу 

әдістерін 

және 

ақпараттаудың 



жаңа 

технологияларын  енгізе  отырып  оқырмандарға,  кітапханалық 

және  ақпараттық-библиографиялық  қызмет  кӛрсету  тәсілдерін 

жетілдіру. 

 

Қызмет кӛрсетудің жоғары мәдениетін қалыптастыру: 



қажетті басылымдарды таңдауда оқырмандарға кӛмек кӛрсету; 

 



 

 



кітап кӛрмелері мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру; 

 



оқырмандарға сыпайылықпен, ізеттілікпен қызмет кӛрсету; 

 



оқырмандардың кітапханада жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай 

жасау. 


 

3.

 

Оқырмандардың кітапханаға жазылу тәртібі 

 

3.1.


 

Оқырман билеті - кітапхананы пайдалануға негізгі кепіл 

беретін құжат. 

3.2.


 

Кітапханаға  жазылғанда  оқырман  кітапхананы  пайдалану 

Ережесімен танысуы тиіс. 

3.3.


 

 Оқырман 

формуляры 

– 

кітапхана 



қорындағы 

басылымдарды оқырман үйіне уақытша алуын және кітапханаға 

қайтаруын растайтын құжат. 

 

4.



 

Оқу залын пайдалану тәртібі 

 

4.1.


 

Оқырман  кітапхананың  оқу  залында  басылымға  тапсырыс 

беруде  студенттік  немесе  оқырман  билетін  ұсынады,  тапсырыс 

берілген басылымды алуда кітап формулярларына қол қояды. 

4.2.

 

Оқу залына кітап қоймасынан берілген басылым белгілі бір 



уақытқа алынады. 

4.3.


 

Энциклопедиялар,  анықтамалар,  саны  жағынан  аз  және 

бағалы  немесе  кітапхана  қорындағы  бір  дана  басылымдар  тек 

қана оқу залына беріледі. 



 

17 


4.4.

 

Басылымдарды оқу залынан алып шығуға тыйым салынады. 



4.5.

 

Кітапханадан  шығарда  оқырман  оқу  залында  алынған 



басылымдардың барлығын ӛткізуге міндетті. 

 

5.

 

Абонементті пайдалану тәртібі 

 

5.1    Абонементтегі  кітаптарды  алу  және  оларға  тапсырыс  беру 

үшін  оқырмандар  оқырман  билетін,  дұрыс  толтырылған 

оқырман талабын ұсынады және әр формулярға қолын қояды. 

5.2. 

Басылымдарды 



оқырмандарға 

беруді 


рәсімдеуде 

кітапханашы  оқырман  билетін  алады,  оқырман  формулярын 

тауып,  кітап  формулярларына  қойылған  оқырман  қолдарының 

дұрыстығына  кӛз  жеткізе  отырып,  оны  оқырман  формулярына 

тіркейді. 

5.3.  Оқу әдебиеттері бір семестр аралығына ғана беріледі. 

5.4.    Оқырмандар  ӛз  үйлеріне  алған  әдебиеттерге  басқа 

оқырмандардан сұраныс болмаған жағдайда, оларды пайдалану 

мерзімін ұзарта алады. 

5.5. Басылымды пайдалану мерзімін ұзартпаған және уақытында 

қайтармаған  оқырман  кітапханаға  қарыз  болады  және  белгілі 

кӛлемде айып пұл тӛлейді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

18 


1.

 

 Жаратылыстану факультеті 

 Факультет    деканы,  х.ғ.к.  Кішібаев  Қажымҧқан 

Оразҧлы

Жаратылыстану  және  география  факультетін  ғылыми 

және  педагогикалық  бағыттарда  дамытып  келеді.  Факультетте 

«Биология»,  «Химия»,  «Экология»  және    «География» 

кафедралары бар.                

 

Биология кафедрасы 

Кафедра  меңгерушісі  б.ғ.к.,    доцент  Жексембиев 

Рысмамбет Қоңырҧлы. 

 Кафедрада  6  ғылым  докторы,  профессорлар,  1  ғылым 

докторы;  3  доцент;  9  ғылым  кандидаты,  аға  оқытушы;  1  аға 

оқытушы; 9 оқытушы қызмет атқарады. 

Биология кафедрасы мынадай мамандар даярлайды:  

5B011300  -  “Биология”  -  академиялық  дәрежесі 

«Биология  бакалавры»,  биология  және  экология  пәндерінің  

мұғалімі

Бітірушілер тӛмендегідей қызмет атқара алады: 

-  білім  беру  (педагогикалық),  әртүрлі  оқу  орындарында 

биология  мұғалімі  ретінде    (мектептерде,  гимназияларда, 

лицейлерде, колледждерде және т.б.); 

-  ғылыми-зерттеу,  мамандық  бағытындағы      пәндер  бойынша 

әртүрлі  мекемелерде    ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  орындай 

алады  (ботаника,  зоология,  анатомия,  физиология,  биохимия, 

генетика, биотехнология және т.б.) ;  

биологиялық 



бағыттағы 

ӛнеркәсіпте, 

технологиялық 

ұйымдастыру    іс-әрекетінде  (санитарлық  эпидемиологиялық 

станцияларда,  ӛсімдік  пен  жануарлар  ӛнімдерін  ӛңдеу 

ӛнеркәсібінде және т.б.).   



5B060700-“Биология”, академиялық дәрежесі –«Биология 

бакалавры». 



Бітірушілер тӛмендегідей қызмет атқара алады: 

жоғары 



оқу 

орындарының 

және 

ғылыми-зерттеу 



институттарының  инженері,  санитарлық-эпидемиологиялық 

станциялардың маманы, лаборант; 



 

19 


орта  мектептердегі,  гимназиялардағы,  колледждердегі 

биология пәнінің мұғалімі; 

әкімшілік  жанындағы  және  басқа  да  экологиялық 



мекемелердің маманы. 

 

География кафедрасы 

Кафедра  меңгерушісі  п.ғ.к.,  доцент  Мамырова  Кҥлаш 

Нурбергеновна. 

Кафедра  «5В011600-География»,  «5В060900-География» 

мамандықтары  бойынша  мамандар  даярлап,  студенттерге 

сапалы  білім  беру  жолына  1  ғылым  кандидаты,  профессор,  4 

ғылым  кандидаттары,  доценттер,  5  ғылым  кандидаты,  аға 

оқытушы; 

оқытушылар 



қызмет 

етуде. 


Кафедра 

магистранттарды даярлауға кӛп кӛңіл бӛледі.   



5В011600-География-акадмиялық  дәрежесі-  «География 

бакалавры. 



Бітірушілер тӛмендегідей қызмет атқара алады

-  білім  беру  (педагогикалық),  әртүрлі  оқу  орындарында 

география  мұғалімі  ретінде    (мектептерде,  гимназияларда, 

лицейлерде, колледждерде, және т.с.с.); 

-  ғылыми-зерттеу,  мамандық  пен  мамандандыру  бағытындағы 

пәндер  бойынша  әртүрлі  мекемелерде,  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын орындай алады.  

-  жобалау,  жоба  жасау  мен  конструкторлық  орындарда,  жалпы 

және 

арнайы 


жобалар 

немесе 


нұсқалар 

құрастыру 

(кӛгалдандыру,  суландыру,  қайта  қалпына  келтіру,  аудандық 

жоспарлау,  метеостанцияларда,  жас  туристер  станцияларында 

және т.с.с.); 

ӛндірістік-басқару  іс-әрекеттерін  әр  түрлі  деңгейдегі 



мемлекеттік  құрылымдарда  (білім  беру,  туризм,  экология,  т.б. 

салаларында, 

әкімшіліктерде, 

географиялық 

нысандағы 

зертханаларда және т.б.); 

географиялық 



бағыттағы 

ӛндірісте, 

технологиялық-

ұйымдастыру іс-әрекетінде;  

-  эксперттік  –  саралау,  табиғат  қорғау  және  оны  ұтымды 

пайдалану, аудандық жоспарлау, тұрғын халықты орналастыру, 

еңбек және жер қорларын бағалау.  


 

20 


     

 «5В060900  –География»,    академиялық  дәрежесі  – 



«География бакалавры».  

Бітірушілер тӛмендегідей қызмет атқара алады:  

-050609  –  география  мамандығын  бітірушілер  педагогикалық, 

жобалау,  жоспарлау,  туристік-экскурсиялық  және  ӛндірістік 

мекемелерінде 

мамандануларына(физикалық 

география, 

әлеуметтік  және  экономикалық  география,  геоморфология) 

сәйкес салаларда қызмет жасайды.  

Сонымен  қатар  география  және  экология  оқытушысы 

қызметі бойынша арнаулы білім беретін мектептерде, лицей мен 

гимназияларда,  орта  білім  беру  орындарында  (колледждерде, 

жалпы  білім  беретін  және  орта  кәсіби  мекемелерінде)  жұмыс 

істейді.  

-    жобалау,  ғылыми-ізденіс,  ғылыми-зерттеу  институттары, 

бюро туристік фирмалар, т.б; 

- табиғатты қорғау органдары; 

-  Табиғи  ресурстар  министрлігінің  табиғатты  пайдалану 

басқармасы;  

- ғылыми-зерттеу; 

- ӛндірістік-жобалау;  

- білім беру(педагогикалық). 

     

 Химия   кафедрасы 

Кафедра  меңгерушісі  х.ғ.к.  Мырзахметова 

Нурбала Оразымбетовна.  

Студенттерге    мамандықтар  бойынша    5  ғылым  докторы, 

профессор;  3    ғылым  кандидаты  доцент;  5  ғылым  кандидаты,  аға 

оқытушылар; 5 оқытушы сабақ береді. Кафедра оқытушылары тек 

білім беріп қана қоймай, ғылыми жұмыстармен де айналысады. 

Кафедра  5В060600  –  химия  (жаратылыс  ғылымдық) 



бакалавриат мамандығын даярлайды 

 Бітірушілер тӛмендегідей қызмет атқара алады: 

-  жоғары,  орта  және  орташа-кәсіби  оқу  орындарында  химия 

пәнінің оқытушысы; 

1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет