Инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық ұсу мен бәсекелестiк қабiлетiлiгi
үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды және ӛнім
түрлерiн ұндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына ұңгiзуге
бағытталған қызмет.
Инсайт – шешімін ұзақ іздеуде жүргенде, мәселенің шешімінің күтпеген жерден
табылуы, аңғарылуы, пайда болуы.
Институт /лат. - орнату, мекеме/ - кәсіптік жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді
жүзеге асыратын жоғары оқу орны.
Инстинкт /лат.-сезімнің оянуы/ - генетикалық шарттасқан мінез-құлқының,
қылығының немесе оның қосындысы — керісінше жауап қайтаруының формасы,
оның физиологиялық механизмі шартты емес рефлекс болады. И. шартты рефлеке
негізінде жузеге асырылатын дағды мен іс-әрекеттен осылай айрықшалынады.
Инстинкт (лат. instinctus – талаптану, сезімнің оянуы) – туа біткен күрделі
реакциялардың (қылығы актілерінің) жиынтығы, ол сыртқы ортада организмнің
мақсатқа сәйкестілік қылығын анықтайды. Түрлері: ӛзін сақтау, текті жалғастыру,
зерттеушілік, еркіндікті және абыройды сақтау.