Зерттеудің негіздемесі - практикалық әрекет жӛнінде шешім қабылдау, пікір түю
немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже не анықтама негізінде ойлау процесі
ретінде болады. З.Н. бӛліктері:
1) зерттеу тақырыбының маңыздылығы;
2) мәселедегі қарама-қайшылық;
3) зерттеу проблемасы;
4) зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы,
әдіснамалық негізі.
И Идентификация /лат.identificatio-теңдестіру, бірдей ету/- бірнеше ерекше мәні бар:
1) таным процесінің психологиясында- тану, қандай да бір объектілердің тепе-
теңдігін орнату;
2) әлеуметтік психологияда-адамның басқа адамдармен ұқсастандыруы. И.
барысында басқа адамның құндылықтары, нормалары, адамгершілік сапалары т.б.
менгеріледі;
3) бір нәрсені, кімді болсада тану;
4) немен болса да, кіммен болса да теңдестіру, бірдей ету.
Идеология – адамдардың, таптардың, топтардың, партиялардың шындыққа
қатынасын кӛрсететін кӛзқарастардың, идеялардың жүйесі. Оны теоретиктер,
идеологтар жасайды. Идеология қоғамға және жекелеген тұлғаға белсенді әсер етеді.