Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет90/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Зерттеу  әдістері  -  құбылыстарды  зерттеуге  және  алуан  түрлі  ғылыми  мәселелерді 
шешуге  арналған  әдіс,  тәсілдердің  жиынтығы.  Педагогикалық  процестерді  талдау 
әдістері: анкетілеу, әңгіме, рейтинг, бақылау, эксперимент т.б.; теориялық кӛздерді 
зерттеу  әдістері:  монографиялық,  документациялық,  салыстырмалы  тарихи  т.б.; 
мәліметтерді ӛңдеу және талдау әдістері: статистикалық, статистикалық емес ӛңдеу 
т.б. 
Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  әдістері  -  шындықтың  құбылыстарын 
эмпирикалық  және  теориялық  танудың,  зерттеудің  тәсілдері,  процедуралар  және 
операциялары. Ғ-П.З.Ә бӛлінуі:  жалпы ғылымдық, ӛзінің педагогикалық және басқа 
ғылымдардың  әдістер;  констатациялайтын  және  ӛзгертетін;  эмпирикалық  және 
теориялық;  сапалық  және  сандық;  жекелік  және  жалпы;  болжау,  түсіндіру  және 
суреттеу  әдістері;  жекелеген  педагогикалық  ғылымдарда    қолданатын  арнайы 
әдістер; зерттеу нәтижесін ӛңдеу әдістері т.б.  
Түрлері: анкетілеу, әңгіме, мектеп құжаттары, бақылау, эксперимент, салыстырмалы 
тарихи, статистикалық ӛңдеу әдістері, контент-талдау т.б. 
 
Бақылау  –  заттар  мен  құбылыстарды  мақсатты  зерттеу,  мағлұматтарды  іріктеп 
жинау,  кӛзбен  кӛргенді  сезім  мүшелерімен  қабылдау  және  санада  бұл  ақпаратқа 
талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы 
мәлімет  алу.  Бақылау  әдісі  –  зерттелетін  объект  туралы  нақты  деректер  алу  үшін 
қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау. 
 
Әңгіме-сұхбат – еркін диалог, онда әңгімелесушілер арасында бейресми және 
еркін  қатынастар  орын  алады.  Зерттеуші  оның  жоспарын  құрады,  ӛзіне  қажет 
мәселелерді  бӛліп  алады,  әңгіме-сұқбатты  тіркейтін  құралдарды  дайындайды 
(бейнетаспа, аудиотаспа, стенограмма). 


 
36 
 
Әңгіме  –  зерттеушінің зерттелушімен  сӛйлесу    негізінде  ақпарат  алудың  әдісі. 
Оған  қатысушылар  зерттеу  бағдарламасы  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді.  Жеке 
және топтық, стандартталған, яғни қатаң алдын ала белгіленген сұрақтар негізінде, 
стандартты емес, яғни сұрақтардың тізбегі жағдайға байланысты әңгіме деп бӛледі. 
 
Анкета  –  онда  кӛрсетілген  ереже  бойынша    сұралынатын  кісінің  ӛздігінен 
толтыруға арналған сұрақ беті. Анкета сұрақтары мазмұнына қарай былай бӛлінеді: 
іс-әрекеттің  мотиві,  пікірлері,  бағалаулары  туралы  сұрақтар  т.б.  формасына  қарай: 
ашық /мазмұнын, формасын, сұрақтарын анықтамайды/ және жабық  /альтернативті, 
таңдауға келетін бірнеші жауабы бар/. 
 
Мұғалімдердің, 
жаңашыл-педагогтардың 
тәжірибесін 
зерттеу. 
Озат 
педагогикалық 
тәжірибені 
зерттеуде 
мұғалімнің 
баяндамалары, 
ғылыми 
мақалалары,  әдістемелік  жұмыстары  кӛрнекілік  құралдары,  компьютердегі 
педагогикалық  тәжірибе  мағлұматтарын  зерттеу,  сабақтарға,  педагогикалық 
оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме 
оны зерттеудің кӛзі бола алады. 
 
Құжаттарды  зерттеу  –  медициналық-педагогикалық  кесте,  психологиялық-
педагогикалық  мінездеме,  жеке  құжаттары,  педагогикалық  кеңес  мәжілісінің, 
әдістемелік кеңес хаттамалары, сынып журналдары, есеп беру құжаттары. 
 
Оқушылардың  жазбаша,  графикалық  және  шығармашылық  жұмыстарын 
зерттеу  зерттеушіге  оқушылардың  интеллектуалды-даралық  ерекшеліктері  мен 
қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. 
 
Педагогикалық  құжаттарды  зерттеу  –  оқу  жоспарлары,  бағдарламалары, 
оқулықтар,  мұғалімнің  сабақ  жоспарлары,  сынып  журналдары,  мұғалімнің  есеп 
берулері т.б. 
 
Әдебиет  кӛздерін  зерттеу  –  зерттеуші  ғылымның  осы  саласында  оған  дейін 
қандай  мәселелер  зерттелгенін  анықтау  үшін,  зерттеу  мәселесінің  бұрынғы  мен 
қазіргі  жай-күйін  және  оған  қатысы  бар  барлық  мәселелерді  түсіну  үшін  таңдап 
алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. 
 
Талдау  мен  синтез.  Талдаудың  эмпирикалық  материалды  механикалық  бӛлу; 
тұтастық  құралындағы  элементтердің  ӛзара  қатынасы  формаларын  анықтау;  білім 
құрылысын  ашу;  зерттеу  объектісінің  сипаты  мен  динамикасын  айқындау  сияқты 
түрлері бар. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты. 
 
Индуктивті  және  дедуктивті  –  эмпирикалық  деректер  қорытындыланып, 
жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар 
айқындалады. 
 
Модельдеу  –  зерттеу  объектісі  ӛзімен  ұқсастық  қатынастағы  басқа  бір 
объектімен  алмастырылатын  зерттеу  әдісі.  Зерттеуші  модельді  зерттеп,  алған 
нәтижелерін  ұқсастық  және  үйлестік  заңы  бойынша  түпнұсқаға  кӛшіреді.  Модель 
ұқсастық  ретінде  түпнұсқа,  оны  жетілдіру,  қайта  құру  және  оны  басқару  туралы 
білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. 
 
Математикалық  және  статистикалық  әдістер.  Олар  педагогикалық  құбылыстар 
мен  олардың  сапалық  ӛзгерістері  арасындағы  сандық  тәуелділікті  анықтау  үшін 
қолданылады. 
 
Тіркеу әдісі – зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, зерттеп, белгілі 
бір белгісі бар не жоқ құбылысты ӛлшеу үшін қолданылады. 


 
37 
 
Тізбектеу  (ранжирование)  әдісі  –  деректердің,  құбылыстардың,  қасиеттердің, 
белгілердің ӛсуі немесе тӛмендеуін анықтау үшін қолданылады. Ӛлшеудің бұл әдісі 
ретке  келтіру  әрекетіне  негізделген,  яғни  зерттеу  объектілері  немесе  құбылыстары 
белгілі  бір  белгісінің  мӛлшерінің  ұлғаюы  немесе  тӛмендеуі  тәртібі  бойынша 
орналастырылады. 
 
Сандық тізімі (шкалирование) – сандық кӛрсеткіштерге сапалық талдау жасауға 
мүмкіндік  береді.  Орташа  мӛлшерді  анықтау  әдісі  орташа  сандық  кӛрсеткіштерге, 
бағаларға  талдау  жасап,  нәтижелері  мен  оларды  дәрежесі  бойынша  орналастыру, 
ӛзара  үйлесімділік  коэффициенттерді  есептеу  үшін қолданылады,  бұл  зерттеушінің 
математикалық  статистика  және  мүмкіндік  теориясы  саласында  арнайы 
дайындығын талап етеді. 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет