Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Озық  педагогикалық  тәжірибенің  критерийлері  -



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет9/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Озық  педагогикалық  тәжірибенің  критерийлері  -  педагогикалық  процестің 
пәрменділігінің  артуы;  қоғамдық  дамудың  бағытына,  ғылымның  алдыңғы  қатарлы 
идеяларының  бағытына  сәйкестігі;  педагогикалық  шындықтың  аясын  кеңейтуі; 
педагогикалық  процестің  сапасының  артуы;  педагогикалық  еңбектің  нәтижесіне 
жетуі; жаңа педагогикалық фактілерді және құндылықтарды ашуы. 
Алтынсарин  Ы.  /20  қазан  1841ж.  туды,  17  шілдеде  1889ж.  қайтыс  болды/  -  қоғам 
қайраткері,  демократиялық  бағыттағы  ағартушы-педагог,  ақын-жазушы,  этнограф, 
публицист  Ы.А.  демократиялық-ағартушылық  бағыты  оның  педагогикалық 
кӛзқарасының үш саласынан кӛрініс тапты: 1. бүкіл ӛмір жолын мектеп ашуға, қазақ 
балаларын  оқуға  тартуға,  дүние  ғылымдарын  үйретуге  және  соған  оқу  құралдарын 
жазып  шығаруға  арнады.  2.  ӛнегелі  ұстаз-тәлімгер  даярлауға,  оларға  күнделікті 
ғылыми-әдістемелік  басшылық  жасауға  кӛңіл  бӛлді.  3.  шығармаларында  қазақ 
халқының  ХІХ  ғасырдағы  қоғамдық  ӛмірінде  болған  саяси  әлеуметтік  мәселелерді 
жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. 
 
Ұлы ағартушының ашқан мектептері: 1. уездік училищелер Ырғызда – 1879ж., 
Торғайда – 1880, Троицк – 1880ж., Бортіде – 1881ж. 2. ашуға келісілген 7 болыстық 
мектептің  бесеуін  1887-88ж.  ӛзі  ашты,  кейінгі  екеуі  1891ж.  ашылды.  3.  осы 
мектептерге  жіберілген  мұғалімдер  Ы.А.  ӛзі  1883ж.  Орск  мұғалімдер  мектебі  мен 
Қазандағы  мұғалімдер  семинариясын  /директоры  Ильминский  Н.И./  бітіргендер 
болатын.  4.  қыз  балаларды  оқыту,  оларға  арналған  интернат  ашу  ісінің  пионері 
болған  ұлы  Ыбырай  еді.  Ырғызда  ашылған  қыздар  училищесіне  алғашқы  12  қазақ 
қызы  1888ж.  қабылданды,  онда  ―қолӛнерін  үйрететін  оқу  орны  ретіндегі  негізгі 
міндетімен қатар қырғыз қыздарын оқуға ұмтылдыратын орын болуы да кӛзделеді‖ 
делінген.  5.  Ы.А.  қазақ  даласында  мамандыққа  дайындайтын  оқу  орындарының  да 
негізін  салды.  Бұл  бағытта  Торғайдағы  1883  ж.  қолӛнер  училищесінен  бастап, 


 

қыздар  қолӛнер  мектебін  ашуынан  кӛреміз.  6.  Ы.А.  қостауымен  Қостанай  және 
Ақтӛбе де орыс балаларына арнап мектептер ашылған.  
Ы.Алтынсариннің  негізгі  еңбектері:  Қазақ  хрестоматиясы  /1889/,  қазақтардың 
болыстық  мектептері  туралы  жазба  /1886/,  қазақтарға  орыс  тілін  үйретудің 
бастауыш құралы /1889/.      

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет