Жоғары нерв қызметінің бірінші сигналдық системасы - И.П.Павловтың /1849-
1936/ айтуынша, тері, кӛз, құлақ т.б. сезу мүшелері арқылы түйсіну, қабылдау,
елестету жануарлар мен адамға ортақ және екінші сигналдық системаның негізі
болады.
Жоғары нерв қызметінің екінші сигналдық системасы - И.П.Павловтың енгізген
термині мен ұғымы. Сӛз адам баласына ғана тән және ЕСС жатады. Заттар мен
құбылыстардан тікелей алынатын сигналдарды алмастыратын сӛз. Сондықтан
И.П.Павлов сӛзді сигналдың сигналы деп атады. ЕСС ойлау мен сӛйлеудің
физиологиялық негізі. ЕСС бірінші сигналдық системамен ӛзара әрекеттесіп, ойлау
іс-әрекеті және бақылаумен, ес және сезіммен тікелей байланысты қызметтердің де
физиологиялық негізі болады.
Жоспар – іс-әрекеттің негізгі түрлері мен бірізділігі алдын ала жобаланып
кӛрсетілген іс-шаралардың жүйесі берілген. Ж. құру принциптері: ғылымилығы; іс-
әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мӛлшерде болуы; нақтылығы;
перспективтілігі; Ж. құруға ұжымның белсенді қатысуы.