Жеке адамның шығармашылық қабілеттері - бұл мәселерді дербес кӛруі.
Талдаушылық ойлау: білім, іскерлік, дағдыны және ақыл-ой әрекеті тәсілін жаңа
жағдайға кӛшіре білу; бұрын меңгерген іс-әрекеттің тәсілдердің жаңаға
комбинациялау, синтездей білу іскерлігі.
Жеке адамның ерекшеліктері - түйсіктердің, қабылдаудың, еске сақтаудың,
қиялының ӛзіндігі, қызығушылығының, ынтасының, қабілетінің, темпераментінің,
мінезінің ерекшеліктері.
Жеке адам белгілері - әртүрлі жағдайларда адамның тұрақты, қайталанатын
қылығының ерекшеліктері.
Жеке оқыту /индивидуальное обучение/ - оқу процесін ұйымдастырудың формасы,
моделі, онда
1) мұғалім тек бір оқушымен ӛзара әрекет жасайды;
32
2) бір оқушы тек оқыту кұралдарымен ӛзара әрекет жасайды/кітаптар,
компьютер т.б./.