Дистанциялық оқыту /алыстан білім беру/ - оқыту нысандарының бірі,
электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан
алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуына нысаналы және
әдістемелі түрде ұйымдастырылған басшылық жасау.
Докторантура - оқу орындары мен ғылыми мекемелерде біліктілігі жоғары ғылыми
және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны.
Доминанта /лат.dominans- басым/ - орталық нерв жүйесінде уақытша қозу ошағы.
Д. ойлаудың және қылықтың бағытын анықтайды, зейіннің физиологиялық негізін
құрайды.
Достық - адамдардың арасындағы тұрақты,жекелік-таңдаушылық қатынастардың
түрі, оған қатысушылардың ӛзара құштарлығымен, бір-бірін таңдауымен
сипатталады.
Доцент - жоғары оқу орнының оқытушысының ғылыми атағы.