Дене шынықтыру - қоғам адамның дене бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын
нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесiмдi дамуына ықпал
ететiн рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын
әлеуметтiк қызмет саласы.
Диссертациялық кеңес - республиканың iрi ғылыми орталықтарының, ғылыми
ұйымдарының
және
жоғары
оқу
орындарының
жанынан
ғазақстан
Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы құратын, ғылым кандидаты
немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесiн алуға ұсынылған ғылыми жұмыстарды
қарайтын кеңес.
Девианттық мінез-қҧлық - девианттық /фр. ауытқу/; балалар мен жасӛспірімдердің
әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құкық бӛзушылықтарды
үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтырауы, отбасынан немесе балаларды
оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық
жауаптылыққа жататын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы.
Дефиниция – заттың немесе құбылыстың мәнді белгілерін кӛрсететін қандай да бір
ұғымның қысқаша анықтамасы.