Дәстҥрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу
жұмысы. Түрлері: интегралды сабақтар, аукцион, парламенттегі дебаттар, ойын,
саяхат, музыкалық-театрландырған, сайыс т.б. сабақтар.
Дәріс /лекция/ - белгілі-бір тақырып бойынша материалды ауызша баяндау. Ж.О.О.
жаңа білімді хабарлаудың жетекші әдісі және мектептің жоғары сыныптарында
оқытудың әдістерінің бірі.
Демократияландыру /гр.dеmоkratia-халық ӛкіметі/ - тұлғаның жан-жақты
дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның
және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бет бұруы, бұл мектептің
ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды /мемлекет, қоғам/
қатыстыру.
Дедуктивтік /лат.шығару/ - жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау
процесі, таным әдісі.