6
ғылым. Ол ересек адамның жекелік дамуының толық болуын, оның азамат, маман
ретінде барынша жоғары деңгейге жетуінің жолдарын зерттейді.
Аксиология (грек. Axia – құндылық және logos - ғылым) – тұлғаның, ұжымның,
қоғамның материалдық, мәдени, рухани, адамгершілік және психологиялық
құндылықтары туралы философиялық ілім. Қазіргі педагогикада оның
кӛзқарастарының жүйесін анықтайтын методологиялық негіз ретінде болып отыр.
Ол бойынша адамның ӛмірінің, тәрбиелеудің және оқытудың, педагогикалық
әрекеттің және білім берудің құндылығы түсініледі және бекітіледі. Педагогикалық
құндылықтар гуманистік табиғаты және мәнімен ерекшеленеді.
Академия - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын; ӛндірістік, ғылыми және ғылыми-
педагогикалық қызметтің белгілері бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар
мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге
асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің кӛбінесе бір саласында ғылыми
зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны.
Ақыл - ойға қабілеттілік деп нақты бір адамның ойлану ӛзгешелігін білдіретін
сапалар жиынтығы айтылады. Ақыл сапалары: білім құмарлық, ізденімпаздық, ой
тереңдігі, ақылдың икемділігі мен оралымдылығы, логикалығы, дәлелдігі,
сыншылдығы т.б.
Поделитесь с Вашими друзьями: