Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет59/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Дарынды  балалар  -  жалпы  немесе  арнайы  дарындылыққа  (сазға,  сурет  салуға, 
техника т.б.) ие балалар. 
Дағды - жаттығу нәтижесінде автоматтандырылған әрекет.  
Дағды  - қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы: 
тез оқу дағдысы-жүйелі түрде жаттығу нәтижесі. Дағды сенсорлық, ақыл-ой /ойлау, 
еріктік/ және қозғаушылық /психомоторлық/ деп бӛледі. 
Дағдарыстары  жастық  -  бір  жастық  кезеңінен  екіншіге  ӛтудің  шартты  атауы. 
Мысалы:  ―Үш  жастағы  дағдарыс‖,  ―Жасӛспірім  жасындағы  дағдарыс‖  /11-12жас/. 
Бұл  жастық  кезеңдерде  ересек  адамдармен  қатынастың  жаңа  типі,  жетекші  іс-
әрекеттің ауысуы т.б. жүріп жатады.  
Дамытып оқыту - оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың 
ой-ӛрісін  дамыту,  ӛз  бетімен  жаңа  білімді  іздеп  табуға  және  оны  еркін  игеруге 
үйрету.  
Дамыта  оқыту  тұжырымдамасының  негізін  салған:  Л.В.Занков.  Ол  оқытудың 
дамытушылық  әдістеріне  ең  бірінші,  оқыту  процесінің  ӛзін  жетілдіру  арқылы  қол 
жеткізуге  болады  деп  тұжырымдайды.  Л.В.Занковтің  тұжырымдамасы  бойынша, 
оқыту жүйесінің негізін, ӛзара байланыстағы ұстанымдар құрайды: қиыншылықтың 
жоғарғы  деңгейінде  оқыту,  бағдарламалық  материалды  оқытудың  жоғары 
қарқындылығы,  бастапқы  теориялық  білімнің  маңызды  ролі,  оқушылардың  оқу 
процесін  ұғынуы,  барлық  оқушыларды  дамыту  мақсатына  бағытталған  жүйелі 
жұмыс жүргізу. 
Даму – адамның немесе жүйенің жаңа белгілерге ие болуы, прогрессивті ӛзгеруінің 
тәсілі.  
Даму  –  бұл  организмнің  психологиясының,  әлеуметтік  және  денелік  сандық  және 
сапалық ӛзгерісінің кӛрінісі. 
Дамуы  тҧлғаның  -  тәрбиенің  және  білім  берудің  негізгі  мақсаттарының  бірі, 
адамды  белсенді  іс-әрекетке  және  әлеуметтік  қатынастарға  қатыстыру  негізінде 
тұлғаның белгілерінің құрылуы. 
Дәстҥр  -  бұл  тарихи  қалыптасқан  бір  буыннан  екінші  буынға  беріліп  отыратын, 
тұрақты,  жалпыланған  қоғамдық  ӛмірдегі,  ұжымдағы  адамдардың  қатынастарын 
кӛрсететін  нормалар  мен  принциптер,  олар  қоғамдық  пікір  арқылы  сақталады. 


 
25 
Мектеп ӛміріндегі дәстүр түрлері: Білім күні, Абай күндері, Мұғалімдер күні, Отан 
қорғаушы күні, Жеңіс күні т.б. 
Дәстҥрлі оқыту - ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі 
тусініледі. Ол Я.А.Коменский белгілеген дидактика принциптеріне негізделіп XVIII 
ғ.  қалыптасып,  дүние  жүзінің  мектептерін  де  осы  күнге  дейін  оқытуды  осылай 
ұйымдастыру басым болып келеді. 
Оқытудың  дәстүрлі  жүйесіндегі  басты  ролді  білім  беру,  мұғалімнің  іс-әрекеті 
атқарады. Оны Я.А.Коменскийдің,  Н.Пестолоцци,  И.Гербарт секілді педагогтардың 
тұжырымдамасы құрайды. 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет