21
Вербалдық оқыту - білімді хабарлауда сӛздік тәсілдердің басым болудағы
оқытудағы кемшілік. В.О. кӛрнекілік, белсенділік және саналылық, теорияны
практикамен байланыстыру принциптерін жүзеге асыруға кедергі кӛрсетіп,
нәтижесінде оқушылардың білімі формальды, толық болмай шығады.
Вербалдық қарым-қатынас - сӛздік қарым – қатынас, оның процесінде белгі жүйе
ретінде сӛз қолданылады.
Вертуалды шындық - адамның ақпарат қарым-қатынас жүйесі, онда шындықтың
кӛрінісін суреті /ӛтірік шындық/ шындыққа жақын қабылданады. Оқу
бағдарламаларын жасаудың болашағы бар бағыттардың бірі.
Г
ГЕН - (гр.genos-туды,пайда болды) - қандай да бір белгінің пайда болуын
қадағалайтын, тұқым қуалаушылықтың құрылымдық және функционалдық бірлігі.
Гендер – қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен
айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік ролдерін және т.б. талдаған кезде
қолданылатын термин.
Генотип - (гр.genos-туы, пайда болуы+typos-үлгі) -организмнің тұқым
қуалаушылық негізі, сол организмге және бүкіл гендердің жиынтығы.
Геронтология – қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу. Бұл салада ӛмірдің
физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық, экономикалық және т.б.
жақтары қарастырады.
Герменевтика /гр.hermenetikos/ - түсіндіретін, пайымдау, ұғындыру -
құбылыстарды және процестерді танып білудің және түсіндірудің әдістерінің
жиынтығы, оның негізінде рационалдық-логикалық пайымдау жатпай, түсінушілік,
жекелік-субъективтік пайымдау, сезімдену, ӛнердің тілінің, дінінің, ойлы мәнін
құралдарына негізделу болады.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, оқушылардың олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдеп, салаға
бӛліп, саралап оқытуды кӛздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Поделитесь с Вашими друзьями: