Білім беру мекемесінің жарғысы - оның жұмысының тәртібін анықтайтын негізгі
құжат, онда Б.Б.М.аты, орны, мәртебесі, құрылтайшысы, білім беру процесінің
мақсаты, ұйымдастырылуы т.б. кӛрсетіледі.
Білім беру кредиті - білім алушыларға кәсіптік білім алуға тӛлеу үшін берілетін
нысаналы кредит.
Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсаты, педагогтік негізделген,
дәйекті ӛзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу
міндеттері шешілетін процесс. Білім беру ҧйымының филиалы - білім беру ұйымының одан тыс жерде
орналасқан және білім беру бағдарламаларын толық кӛлемінде іс жүзінде асыратын
құрылымдық бӛлімшесі.
Білім беру жҥйесі - елде білім беру-тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға арналған
ӛзара әрекеттегі мекемелердің жиынтығы; олардың іс-әрекетінің мазмұны; білім
беру мекемелерін басқару мүшелері.