Білім беру деңгейлері - білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі мен
сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлері белгіленді:
мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту; орта білім беру; кәсіптік жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.
“Бiлiм туралы” Заң - білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,
осы аядағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін белгілейді және
Қ. Р. азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз
етуге бағытталған құжат. 2007-ші жылы қабылданды.
Заңның тараулары: 1 – жалпы ережелер; 2 – білім беру жүйесін басқару; 3 – білім
беру жүйесі; 4 – білім беру мазмұны; 5 – білім беру қызметін ұйымдастыру; 6 –
білім беру қызметінің субъектілері; 7 – педагог қызметкердің мәртебесі; 8 – білім
беру саласындағы мемлекеттік реттеу; 9 – білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз
ету; 10 – білім беру саласындағы халықаралық қызмет; 11 – ҚР білім беру
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық.
Заңдағы жаңалық – педагог қызметкерлердің мәртебесі туралы норманың
негізделуі.
Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды. Ол: бастауыш білім – 4 жыл,
1-4 сыныптар; негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар; жалпы орта білім – 2 жыл,
11-12 сыныптар.
Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат – магистратура – докторантура PhD)
заңнамасымен бекітіліп отыр.
Білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілік шараларын күшейтуге
бағытталған принцип ӛзгерістер мен толықтырулар «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» ҚР Кодексіне енгізілді. Ол 5-тен 50 есеге дейінгі айлық есептік
кӛрсеткіштегі айыппұл қарастырылған мынадай жаңа 20-1 тараумен толықтырылды.
Олар: педагог қызметкерлердің педагогикалық этика нормаларын бұзуы; білім беру
саласындағы заңнамада қарастырылған ата-аналар орындауға жатпайтын міндеттер;
білім беру ұйымдары басшыларының оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына
жеңіл залал келген жағдайда орындауға жатпайтын міндеттері; лицензиялық
талаптар деп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бұзушылық.
ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру
міндеті: білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту; оның технологиясын
жетілдіру; білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы
шешіледі.