Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет4/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Авторитарлық тәрбие - 
1) 
 тәрбиеленушілердің  тәрбиелеушілерге  сӛзсіз  бағынуын  қамтитын  және  
авторитетті соқыр мойындауына негізделген тәрбие;  
2) 
 тәрбиешінің  еркіне  шүбәсіз  бағынуды  қамтитын  концепция.  Авторитарлық 
тәрбие  оқушылардың  бастамашылығын  және  дербестігін  басқандықтан,  олардың 
белсенділігін,  жекелігін  дамытуды  тежейді,  тәрбиеленуші  мен  тәрбиелеушінің 
арасында тартыстың пайда болуына соқтырады. 
Авторлық  мектептер  -  экспериментальды  оқу-тәрбие  мекемелері,  олардың  іс-
әрекеті  автордың  немесе  авторлар  ұжымының  жетекші  психологиялық-
педагогикалық  тұжырымдамасына  негізделіп  жүргізіледі.  Алдыңғы  қатарлы 
педагогикалық  тәжірибені  талдауға  сүйеніп,  проектілердің  авторлары  мектепті 
демократияландыру  жағдайында  оны  дамытудың  ӛзіндік,  ерекшелік  жолдарын 
кӛрсетуге 
ұмтылуда. 
Авторлық 
мектептердің 
айырмашылық 
сапалары: 
инновациялалығы,  альтернативтілігі,  оқу-тәрбие  процесінің  концептуалды  және 
жүйелі,  комплексті  болуы,  әлеуметтік-педагогикалық  мақсатқа  лайықтылығы, 
авторлық мектеп пәрменділігін кӛрсететін  нәтижелердің болуы. Білім беру басқару 
ұйымдары  арнайы  қоғамдық-мемлекеттік  экспертиза  арқылы  ‖авторлық  мектеп‖ 
статусын береді. 
Агрессия  -  жекелік  немесе  ұжымдық  қылық,  әрекет,  ол  денелік  немесе 
психологиялық зиян жасауға, я болмаса басқа адамды немесе  адамдар тобын жоюға 
бағытталған.  Субъектінің  агрессивтік  қылыққа  дайын  болуы  жеке  адамның 
салыстырмалы тұрақты белгісі-агрессивтілік деп қарастырылады. 
Адам  -  ең  алдымен,  homosapiens  түріндегі  сүт  қоректілер  класына  жататын 
биологиялық  тіршілік  иесі.  Басқа  жануарлардан  айырмашылығы  адамда  сана  бар, 
яғни    ол  сыртқы  ортаның  мәнін  де,  ӛз  жаратылысын  да  танып  біледі  және  осыған 
орай  парасатты  түрде,  ойланып  әрекет  жасайды.  Адам  –  денелік  және  рухани, 


 

табиғилықтың  және    әлеуметтік,  тұқым  қуалаушылықтың  ие  болғандығының 
бірлігінен тұрады. 
Адам  мҧраты  /идеал/  -  жете  түсінудің  жоғары  кемелі,  адам  баласының  жоғары 
мұрат-мақсаттары,  ӛмірге  ұмтылушылығы,  талаптанушылығы.  Мұрат  айналадағы 
ӛмірді  жетілдіруге  және  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  үдеуін  дамытуда 
адамның сезімін оятады. 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет