Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Білім беру мекемесіндегі басқарушылық еңбек



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет35/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Білім беру мекемесіндегі басқарушылық еңбек.  
Басқару  -  ұйымның  жұмыс  істеу  мақсатын  тұжырымдауға  және  орындауға 
мүмкіндік  беретін  жоспарлаудың,  ұйымдастырудың,  себептендірудің  және 
қадағалаудың жүйелі процесі. 
Басқару еңбегінің ерекшеліктері: 
-  әрекеттің үш түрінен тұратын ақыл-ой еңбегі болады: 
-  ұйымдастырушылық - әкімшілік және тәрбиелеушілік; 
-  талдаушылық және конструктивтік; 
-  ақпараттық- техникалық; 
-  материалдық  игіліктерді  жасауға  қатысады  және  басқа  қызметкерлердің  еңбегі 
арқылы қызмет кӛрсетеді; 
-  еңбек заты - ақпарат; 
-  еңбек құралы - ұйымдастырушылық және есептеу техникасы; 
-  еңбек нәтижесі — басқару шешімі; 
-  негізгі функциялары: жаспарлау, ұйымдастыру, себептендіру, қадағалау. 
Білім беру жүйелерін басқарудағы ақпарат 
 
Білім беру жүйелерін басқарудағы ақпарат - талапқа сай тұтастық педагогикалық 
процесті жүзеге асыруға септігін тигізетін статистикалық, психолого-педагогикалық 
және сапалы мәліметтердің қатаң анықталған кешені. 


 
17 
 
Басқарушылық  ақпаратқа  қойылатын  талаптар:  объективтілігі;  толықтығы  және 
жан-жақтылығы; уақытына сәикестігі; тұжырымның анықтығы; оперативтілігі.  
Білім беру мекемелеріндегі басқару еңбегінің ерекшелігі: 
-  әрбір білім беру мекемесі ӛз жұмысында жекелігі мол болады; 
-  басқару еңбегі оқшауланған бола алмайды; 
-  білім беру басшысының еңбегіне оны құрайтын әр түрлі кӛптеген бӛліктері тән; 
-  жұмыс  барысының  ырғағының  күрделілігі,  ауырлылығы,  күтпеген  стресстік, 
тартыстық жағдайлардың пайда болуы; 
-  басқару объектісінің ерекшелігі; 
-  басқарудың    объектісінің бірі (педагогикалық ұжым) сонымен қатар басқарудың 
субъектісі де болады; 
-  қарым-қатынас  арнасы  кең  -  педагогтар,  техникалық  персонал,  әртүрлі  жастағы 
балалар, ата-аналар, жұртшылық т.б. 
-  педагогтың жұмысының ерекшелігі    мол,    сондықтан ол қатаң программдауға 
және объективті бағалауды қиындатады; 
-  педагогикалық ұжым ерекше типтегі еңбек коллективіне жатады. 
Білім  беру  жүйелерін  басқарудың  әдістері:  нормативтік;  ұйымдастырушылық-
әкімшілік (ұйымдастырушылық-тұрақтандырушы; жарлықты; ынталандырушы әсер 
ету 
әдістері); 
педагогикалық; 
әлеуметтік-психологиялық; 
экономикалық; 
психологиялық. 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет