Эстетикалық тәрбие – бұл ӛнерде және ӛмiрде әсемдiктi толықтай қабылдап және
дұрыс түсiнуге жеке адамның қабiлетiн дамытуға мақсатты бағытталған процесс.
Этнопедагогикалық бiлiм беру - Э.ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдерді
студентердің, мұғалімдердің меңгеру, қазіргі жағдайда, халықтың аса бай тәрбие
беру тәжірибесін шығармашылық пен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие
болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы кӛзқарас процесі мен нәтижесі.
Этнопсихология - адамның психикасының этикалық ерекшеліктерін, ұлттық
мінезді; ұлттық ӛзіндік сананың функциясын және қалыптасуының заңдылықтарын,
этностық таптаурындарды т.б. зерттейтін пәнаралық білім саласы.
Этика /гр. ethika – салт/ - философиялық ғылым, сананың формасы, қоғамдық
қатынастардың түрi. Э. және мораль теориясы кiредi. Нормативтi Э. игiлiк,
жақсылық, жамандық, әдiлеттiлiк мәселелерiн зерттейдi, жеке адамның мiнез-
құлқының кодексiн жасайды. Мораль теориясы моральдiң мәнiн, нормаларын,
тарихи сипатын анықтайтын заңдылықтарын зерттейдi. Н. Э.және М. Т. әрбiр
азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершiлiк тәрбиесi теориясы мен
практикасын дамытуда елеулi орын алады. Адамгершiлiк тәрбиесi Э. зерттейтiн
заңдылықтарға сүйенiп практикалық мiндеттердi шешедi, яғни моральдық
сенiмдердi, сезiмдердi және әдеттердi қалыптастырудың жолдары мен әдiстерiн
орнатады.