Шығармашылық - бұл шартты ұғым, яғни ол бұрында болмаған, жасалынбаған
жаңа да ғана кӛрінісін таппай, салыстырмалы жаңаны ашуда да (ол аяға, сол орында,
субъектінің ӛзі үшін) кӛрініс табады.
Шығармашылық ойлау - ойлаудың түрлерінің бірі, субъективті жаңа ӛнімді және
оны жасаудағы танымдық іс-әрекеттің жаңа дүниелерінің құрылуымен сипатталады.
Бұл жаңа пайда болған дүниелер мотивацияға, мақсаттарға, бағалауларға, мәндерге
қатысы бар.
Ы Ым-ишара - психологиялық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасқан қимыл.
Ынта /склонность/ - адамның белгілі бір таңдаған іс-әрекетке бағытталғандығы.
Ынталандыру – жағымды әрекетті ынталандыру мақсатындағы тәрбиеленушіге
педагогикалық әсер ету жолдары.
Э Эвристика /гр. heurisko - табамын/ - адамның шығармашылық іс-әрекетінің
заңдылықтарын зерттейтін ғылым; сұрақтар беру арқылы оқытудың әдістемесі.