94
дүниенi және ӛзін-ӛзі саналы және мақсатты бағытталған түрде ӛзгертедi. I.-ә.
түрлерi: ойындық, оқу-танымдық, еңбектiк, спорттық, кұркем ӛнер, қоғамдық.
Еңбек - ӛзінің сұраныстарын қанағаттандыру үшін табиғаттың заттарын
ӛзгертуге және ұқсатуға бағытталған, адамның іс-әрекетінің іргетастық түрі; ақыл-
ой немесе денелік күш-қуатты қажетсінетін адамның мақсатты бағытталған іс-
әрекеті.
Оқушы еңбегінің түрлері: оқу, еңбек сабағы оқу пәні қатарында; кәсіптік оқу;
қоғамға пайдалы ӛнімді еңбек; сабақтан, мектептен тыс түрлі еңбек әрекеттері,
кәсіптік бағдар беру.
Қарым-қатынас /общение/ - субъектілердің ӛзара әрекеті, онда рационалдық және
эмоционалдық ақпаратпен, іс-әрекетпен, тәжірибемен, біліммен. іскерлік пен
дағдымен, іс-әрекет нәтижесімен алмасу жүзеге асырылады. Жеке адамның және
топтың дамуының қажетті шарты.
Таным – санада объективті дүниенің психикалық бейнеленуінің және
қабылдауының процесі, нәтижесі ретінде оның мәні туралы жаңа білім болады;
табиғаттың және қоғамның заңдарын ашуға бағытталған адамның ерекше іс-әрекеті.
Арнайы ұйымдастырылған таным оқу-тәрбие процесінің мәнін құрайды.
Ойын – адам белсенділігінің кӛрінісінің формаларының және іс-әрекет
түрлерінің бірі. Балалар ӛзара қатынастарын ересектердің әрекетін және олардың
ӛзара қатынастарын жаңғыртудың тәсілі, сӛйтіп қоршаған шындықты таниды.
Ойынның түрлері: компьютерлік, заттық, ролдік, символикалық, сюжеттік.
Iскерлiк белгiлi бiр жағдайда белгiлi бiр iс-әрекеттi немесе iстi орындау
мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiмдер мен дағдылардың жиынтығы.
ғалыптасудың бiрнеше кезеңiнен ұтiп, I. соңында шеберлiк және шығармашылық
дәрежесiне дейiн ұседi. I.-алған бiлiм негiзiнде оқушылардың практикалық әрекетi
iске асырылады. Мысалы, сауатты жазу үшiн грамматикалық ережелердi бiлу керек.
Поделитесь с Вашими друзьями: