Ҧжымдық шығармашылық тәрбие әдістемесі – авторы: 50 жылдардың аяғында
И.П.Иванов жасаған. Гуманизм ұстанымдарына негізделген ересектердің және
балалардың ұжымдарының қалыптасуы және шығармашылық дамуын қамтамасыз
ететін
жағдайлардың,
әдістердің,
тәсілдердің
және
тәрбиелеудің
ұйымдастырушылық формаларының жүйесі. Ол ұжымдық шығармашылық істерде
ұ.ш.і. кӛрініс тапты. И.П.Иванов ұ.ш.т.ә. педагогикалық қамтамасыз етудің
шарттарының 6 кезеңін жасады: ұжымдықшығармашылық істердің болашағы
туралы алғашқы әңгіме, ұжымдық барлау; істі жоспарлау; оны даярлау; ұ.ш.і. ӛткізу;
нәтижесін шығару; ұ.ш.і. жақын салдарын талдау. Ҧғыну – саналы түрде ғылыми бiлiмдi, заңдылықтарды ұғу, фактiлердi жинақтау
процесi, қорытынды шығару. ұғыну процесiнде оқылатын материал терең
ойластырылады, дәлелденедi және бекiтiледi.