Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат
алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін
мұғалім мен оқушылардың бірізді, ӛзара байланысты диагностикалық қызметтердің
жүйесі.
Ауызша б.ә. – сұқбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, мәтінді оқу, технологиялық
карталар, сызбалар, тәжірибе туралы хабарлар.
Жазбаша б.ә. – бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат.
Тәжірибелік б.ә. – лабораториялық сынақтар, бұйымдарды жасауды, аппарат
монтаждауды бағалау.
Дидактикалық тестілер б.ә. ретінде. Дидактикалық тест – белгілі бір материал
бойынша оқушылардың оны меңгеру дәрежесін анықтайтын стандартты сұрақтар
жиынтығы.
Тәрбие жұмысын б.ә. – бақылау, құжаттарды тексеру, тестілеу, сауал, оперативті
талдау, есеп.