Әлеуметтік орта - ортаның түрi, адамның ӛмiр сүруiнiң және iс-әрекетiн жузеге
асыратын, оны қоршаған қоғамдық және рухани жағдай.
Әлеуметтік ортакӛрiнiсiнің классификациясының схемасы:
- қауымдастықтың түрiне қарай - қоғамдық формация, класс, топ;
- топтың түрiне қарай - отбасылық, оқу, қоғамдық, еңбектiк, спорттық, әскери т.б.;
- қалыптастыру әсерiне қарай: себептендiретiн, жаттықтыратын, оқытатын,
тәрбиелейтiн, қайта тәрбиелейтiн;
- сананың формасына әсер ету тәсiлiне қарай құқықтық, адамгершiлiк, эстетикалық,
ғылыми;
- жасына қарай - қатарластары, /үлкендерi, кiшiлерi, аралас;
- ортаға қатынасына қарай - оң /елiктеудi шақырады/, немқұрайлық терiс
/қарсылыққа шақырады/;
- әлеуметтiк бағытталғандығына қарай - әлеуметтiк, әлеуметтiкке жат;
- қарым-қатынас дәрежесiне қарай - тiкелей, жанамалап.
Табиғи орта – бұл түрлi табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметiне ықпал
жасауы. Табиғат жағдайларына байланысты адамдардың мiнез-құлықтарында
ерекшелiктер
байқалады,
бiрақ
адамгершiлiк
қасиеттерiне,
эстетикалық
талғамдарына т.б. зиянды әсерiн тигiзбейдi.
Тәрбие – тұлғаның дамуына деген әсері мақсатты бағытталған, сапалы сипатта
болады. Тәрбие тұлғаның дамуының факторы ретіндегі ерекшелігі, оның халықтың,
қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарына әрдайым сәйкес болатындығында.
Тәрбие тұлғаға жүйелі әсерді қамтамасыз етуге тиісті.