Темперамент - белгілібірадамға тән және ӛмір әсерлерінен жауап реакциялардың
динамикасы, тонусы мен бірқалыптығында кӛрініс беретін мінез-құлықтың табиғи
ерекшеліктері. Т. индивидтің барлық психикалық кӛріністеріне реңк беріп отырады,
ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сӛздің сарыны мен ырғағына әсер
етеді. Т.адамның нерв қызметінің қасиеттерінен кӛрінетін, мінез-құлқының
импульсивті-динамикалық кӛрінісінің жалпылыма сипаттамасы болып табылады.
Т.типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.
Тест /ағыл. сынау, тексеру/ - белгілі бір деңгейдегі әрекетті орындауға арналған
тапсырмалар. Тексеру мақсатына қарай білімді бақылау тестілердің түрлері:
1) топтау,саралау;
2) жазбаша,ауызша тестілеу;
3) зертханалық жағдайда тестілеу;
4) аудиотест, видеотест, телетест;
5) графикалық тест;
6) лексикалық тест;
7) грамматикалық тест;
8) сӛйлеу үлгілері бойынша тестілеу.
Тестіге қойылатын талаптар: валидтілік, мықтылық, объективтілік.
Тестінің валидтілігі – бұл жобаланған білімділік деңгейін анықтауға сәйкестігі. Технология /гр.techne-шеберлік, іскерлік, logos-сӛз, ілім/ - объектінің күйін,
қасиетін, формасын ӛңдеудің, жасаудың, ӛзгертудің әдістерінің жиынтығы.