Тәрбиелеу процесінің қарама-қайшылықтары – ішкі және сыртқы қарама-
қайшылықтар баланың дамуына негіз болатын ең басты қозғаушы күш болып
саналады. Қ.Қ. түрлері: баланың шешуге тиісті жаңа, күрделі, әлеуметтік мәнді
міндеттермен оның бұрынғы мінез-құлық тәсілі мен себептерінің жиынтығы
арасындағы қайшылық; сыртқы талап пен баланың ӛзінің ішкі ұмтылыстарының
арасындағы қайшылық; мақсатты бағытталған әсер мен ортаның стихиялық әсерінің
арасындағы қайшылық.