Іс-әрекетті және мінез-қҧлықты ынталандыру әдістері: мадақтау. Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Түрлері:
құрметті міндеттер тапсыру (лаборанттық, мұғалім ассистенті т.б.), кӛтермелеу
сыйлықтары, құрмет және мақтау грамоталары, ұжымдық және жеке алғыс,
стипендиялар, ―Алтын белгі‖ белгісімен марапатталуы т.б.
Мақтау әдісі әдептілік пен нақты мӛлшерді сақтауды талап етеді.
Жазалау – қате қылықты ескеріп тежеу, ӛз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында
кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.
Жазалаудың мынадай түрлері белгілі: оқушының парта жанына тұрғызу; оқушыны
сыныптан шығарып жіберу; ауызша және жазбаша сӛгіс; қосымша тапсырмалар
беру; белгілі бір құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу; моральдық
кемшілігін таныту; мектептен шығару (16 жастан кейін).
Тәрбиелеушілік /педагогикалық/ жағдай /ситуация/ - бұл белгілі бір уақыт
аралығындағы педагогикалық жүйенің нақты күйі.