Іс-әрекетті ҧйымдастыру және қоғамдық мінез-қҧлық тәжірибесін (іскерлік, дағды, әдет, ерік, мінез т.б.) қалыптастыру әдістері: талап... тапсырма. Талап – мінез-құлық нормасының кӛрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге
қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру
функциясы – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу – басқа адамдардың
жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бӛлінеді: 1) тікелей талап (жеке,
нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, ӛтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап-кеңес;
4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-ӛтініш; 7) талап-ишара; 8)
талап-қуаттау; 9) позитивті (жағымды) және негативті (жағымсыз, мысалы
қорқыту).
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнелеуі, ал талап – нақты міндет, оны
іс-әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі –
бұл қоғамдық пікір, ұжымның еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың
тірегі.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық,
табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалар ӛмір тәжірибесі кеңейіп,
санасы дамыған сайын, үйрету әдісі ӛзінің алғашқы маңызын жойып, басқа
әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске ӛте жақын жаттықтыру әдісі.
Жаттықтыру әдісі – бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық
тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүддесімен,
талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде
бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың
ӛндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге,
жауапкершілікке жаттықтырады.
Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау кӛрсету, машықтандыру,
тапсырма.
Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының
қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиеленушілер арасындағы
қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс
ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті кӛгалдандыру, сыныпты, дем
алатын орындарды дайындау, яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші
ситуацияда іске асырылады.
84
Педагогикалық жағдаят педагогикалық процестің элементарлық ―жасушасы‖ болып
табылады.