Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет211/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Тәрбиелеу әдiстерi  – тәрбиелеушiлер мен тәрбиеленушiлердiң ӛзара байланыстағы 
iс-әрекетiнiң  тәсiлдерiн  түсiнедi.  Бұл  iс-әрекет  тәрбиелеудiң  мiндеттерiн  шешуге 
бағытталған.  Тҧлғаның  санасын  (ұғымдарын,  түсінігін,  пікірін,  баға  беру, 
нанымын) қалыптастыру сендіру әдістері: баяндау; түсіндіру, сендіру (внушение), 
иландыру (увещевание), әңгіме, пікірталас, ӛнеге. 
Іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  және  қоғамдық  мінез-құлық  тәжірибесін  (іскерлік, 
дағды,  әдет,  ерік,  мінез  т.б.)  қалыптастыру  әдістері:  талап,  қоғамдық пікір,  үйрету, 
жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаят, тапсырма. 
Іс-әрекетті  және  мінез-құлықты  ынталандыру  және  тежеу  әдістері:  мадақтау, 
жазалау, жарыс. 
Этика тақырыбындағы баяндау – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен 
оқиғаларды эмоционалды түрде айтып беру. 
Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоционалды-сӛзді әсер әдісі. 
Мектеп  тәжірибесінде  түсіндіру  адам  психикасына  еніп,  іс-әрекеттің  себептерін 
тудыратын  және  тұлғаға  жалпы  әсер  ететінін  сендіруге  сүйенеді.  Түсіндіру 
адамдардың  қатынасын  және  мінез-құлқын  дұрыс  бағалауды  оқушыда 
қалыптастыруға кӛмектесуі керек. 
Сендіру    (внушение)  тәрбиеленушіге  белгілі  бір  шешім  қабылдату  жағдайында 
пайдаланылады.  Сендіру  басқа  тәрбие  әдістерінің  әсерін  күшейту  үшін 
қолданылады. 
Иландыру  (увещевание)  ӛтінішті  түсіндірумен  және  сендірумен  қатар  қолдану 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Иландырудың  тиімділігі  мұғалімнің  беделіне  кӛп 
байланысты. Иландыру ӛз мақсатына жету үшін жақсы жақтарға сүйеніп, мақтауды 
қолданып, абыройына сұраныс жасаған дұрыс. 
Әңгіме (беседа) тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін 
керек  ететін  жүйелі  және  бірізді  әдіс  түрі.  Әңгіме  мақсаты  –  оқушыларда 
адамгершілік  түсініктерін тереңдету  және  бекіту,  білімді  жалпылау  және  нақтылап 
орнықтыру, адамгершілік кӛзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру. 
Этикалық әңгіменің нәтижелі болуы оның қызықтылығына байланысты. 
Әңгімелесу – тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде 
әртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, кӛзқарастар қалыптастыру. 
Пікірталас  –  бұл  жоғары  сынып  оқушыларының  пайымдауын  (пікір  айтуын),  баға 
беруін,  сенімін  қалыптастыру  әдісі.  Пікірталаста  тақырып  бойынша  оқушы  ӛзінің 
кӛзқарасын,  ойын  дәлелдейді.  Сонымен  бірге  басқаның  пікірін  тыңдауға  үйренеді, 
келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар 
да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарландырылады. 
Пікірталас  оқушыларды  қателіктер  мен  жалған  кӛзқарастармен  күресуге  үйретеді. 
Пікірталастың  құндылығы  сонда,  ол  оқушылардың  ойлану  сезімін  оятады, 
талаптандырады,  ал  бұл  дұрыс  идеяларды  ұстауға,  қателіктерден  бас  тартуға 


 
83 
мүмкіншілік  береді.  Пікірталастың  соңында  басқарушы  оқушылардың  жауабын 
жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады. 
Ӛнеге - ӛте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: кӛру арқылы 
қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсызсанада бекиді. Сонымен  бірге 
кітаптағы,  кинодағы  бас  кейіпкерлерді,  тарихи  тұлғаларды,  атақты  ғалымдарды, 
саяси  майталмандарды  т.б.  ӛнеге  ету  үлкен  тәрбиелік  мәнге  ие.  Ӛнегенің 
психологиялық  негізі  –  еліктеу.  Оның  арқасында  адамдар  әлеуметтік  және 
адамгершілік тәжірибе жинақтайды. 
Айта  кету  керек,  тәрбиешінің  ӛз  ӛнегесін,  тәрбиеленушілерге  қатынасын,  іскерлік 
қасиеттерін, жеке басының  қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін 
тигізеді.  Тәрбиеші  ӛз  тұлғасымен,  қадір-қасиетімен  жүйелі  және  бірізді  әрекет 
жасаса, ӛзін ӛнеге етудің оңды әсері ұлғая түседі. 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет