Тәрбие заңдылықтары – тәрбие процесiнде тұрақты қайталанатын және мәндi
байланыстар болып табылады, оларды жүзеге асыру арқылы жеке адамды дамытуда
не қалыптастыруда жетiстiктерге жетедi.
Тәрбие мазмҧны – философиялық тұрғыдан мазмұн тұтастың анықтаушы жағы
болады. Объектiсiнiң құрамдас элементтерiнiң, оның қасиеттерiнiң, iшкi
процестерiнiң,байланыстарының, қайшылықтарының және бағыттарының бiрлiгi
болып табылады. Т.М. оның жалпы мақсатын, мiндеттерiн, және жақтарын бiрлiкте
қамтып кұрсетедi. Т.М. әр түрлi формалар мен әдiстер қолдану арқылы жеке
адамның дамуын қамтамасыз етедi. Оған кiретiндерi: ақыл-ой,адамгершiлiк,
еңбектiк, эстетикалық, денелiк дамуы.