Сынып жетекшiсi – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестiрумен
және ӛткізумен айналысатын педагог. Мектеп әкiмшiлiгi сол сыныпта жұмыс
iстейтiн мұғалiмдерден тағайындайды.
Мектептегі негізгі тәрбиелік функция сынып жетекшісіне жүктеледі.
Сынып жетекшісінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде
анықталған міндеттер тобы саны – 4: 1. Әлеуметтік; 2. диагностикалық; 3.
тәрбиелеу; 4. даралық-тәжірибелік сипаттағы (оқушылармен жұмыстың нәтижелі
педагогикалық тәсілдерін таңдау, ӛз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен
түзету, рефлексия т.б.).
С.ж.
жұмыс
жүйесі
қамтиды:
сынып
оқушыларымен,
ата-аналармен,
жұртшылықпен, мектеп ұжымымен.
Сынып бҧрышы – сынып ұжымының негiзгi құжаттары, жоспарлары мен iстерiн
бейнелейтiн материалдарды табуға болады. С.Б. оқушылардың тiзiмi, кезекшiлер
тiзiмi, жұмыс жоспарлары, қоғамдық тапсырмаларды бұлiсу, үлгерiм есебiнiң
парағы,қабырға газетi, сынып iстерiнiң ең қызықты және табысты iстерi туралы
қысқа хабарлар, хабарландырулар болады. С.Б. сыныптан тыс оқу үшiн кiтаптардың
тiзiмiн, үлгi күн режимiн, үй тапсырмаларын орындау туралы естелiктердi, нұсқау
сипатындағы материалдарды табуға болады. С.Б. кейбiр құжаттары тұрақты, ал
басқалары жүйелi түрде жаңартылады.