Соматикалық – денелік, денеге қатысы бар. Социограмма /лат.societas-қоғам және гр.gramma-сызық/ -шағын топта жеке
адамдар арасындағы қатынасты социометрлік тестінің кӛмегімен алған нәтижені
математикалық ӛндеуді графикалық кӛрсету.
Спонтанды /лат.spontaneus/ - ӛзінен-ӛзі сыртқы ықпал етпейінше пайда болған.
Стресс /лат. Stress-қысым, басу, кернеу/ - экстремалдық әсердің нәтижесінде адамда
пайда болатын басылғандықтың, күйсіздіктің, тӛмендегеннің жағдайы. Қауып-
қатер жағдайындағы әрекеттер, шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп тӛнген
сәттегі реакция, күрт ӛзгерген жағдайдағы мінез-құлық стрестік күйлер болады.
Студент /лат.studens-айналысушы/ - жоғары орында оқитын адам.
Сенiм /убеждение / - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы.
Сенiм жеке адам ӛмірлiк позициясының берiктiгiн анықтайды, мiнез-құлқын
сипаттайды
Стимул /лат.- ұшты таяқ, онымен малдарды айдаған/ - әрекетке талаптану, түрткi
болатын себеп.
Субкультура /лат.sub – қарасты және мәдениет - адамдардың тобының ӛмір сүру
стиліне және ойлауына әсер ететін арнайы әлеуметтік-психологиялық белгілерді
/нормалардың, құндылықтардың, таптаурындардың/ /стереотиптердің/ талғам және
т.б. жиынтығы. Олар арқылы адамдар тобы ―олар‖ дейтіннен айрықша ―біз‖ деген
сапада ӛздерін ұғынып, бекітеді.
79
Субъект /ағыл.subjectum-астында, негізінде жатқан/-белсенді, заттық-практикалық
іс-әрекетті және танымды нақты алып жүруші адам.
Суицид /ағыл.sucide-ӛзін-ӛзі ӛлтіруі/ - түрлі себептерге байланысты ӛзін-ӛзі ӛлтіруі.