Р Рәміз (символ) – этностық белгі, жоралғы, айшық, ӛрнек. Ел ұраны, ел белгісі
қасиетті туымыз – ұлттық рәміз. Рейтинг /ағыл.rating-баға, тәртіп, классификация/ - қандайда бір құбылыстың
берілген шкала бойынша субъективті бағалауын белгілейтін термин.
Референттік тобы - топқа кіретіндерге топтың кӛзқарастары, талаптары үлгі болып,
орындалатын топ.
Резюме /түйгені/ - ғылыми басылымның ақпараттарының элементі, негізгі текстінің
басты қағидалары және қорытындылары кӛрсетіледі.
Реферат - құжаттың, кітаптың, ғылыми басылымның мазмұнының қысқаша
баяндамасы. Р.құжаттың библиографиялық мазмұндауынан, кілттік сӛздерден,
реферативті бӛлігінен түратын. Реферативті бӛлігінде бастапқы құжаттың
мазмұнының мәнді элементтері, негізгі идеялары, қорытындылары беріледі.