Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Педагогика ғылымдарының жҥйесі



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет169/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Педагогика ғылымдарының жҥйесі.  
Педагогика  тарихы 

  ғылыми  пән:  объектiсi

бiлiм  берудiң  және  педагогикалық 
ойдың  және  тәрбиелеудiң  қазiргi  мәселелерiмен  бiрлiкте  және  ӛзара  байланыстағы 
тарихи  дамудың  процесi;  пәнi

тарихи-педагогикалық  процестiң  фактiлерi,  қарама-
қайшылықтары,  заңдылықтары,  оларды  талдау  педагогикалық  теория  мен 
практиканың  саласындағы  саясатты  пәрмендi  жүзеге  асыруды,  болжауды  және 
жоспарлауды қамтамасыз етуге септiгiн тигiзедi. 
Жалпы педагогика – базалық ғылыми пән. Ол адамды тәрбиелеудің заңдылықтарын 
зерттейді,  тәрбиелік  мекемелердің  барлық типтерінің оқу-тәрбие  процесінің  жалпы 
негіздерін  жасайды.  Жалпы  педагогика  тӛрт  үлкен  бӛлімнен  тұрады:  оқыту-
тәрбиелеу  процесінің  негіздері,  дидактика  (оқыту  теориясы),  тәрбиелеу  теориясы, 
мектептану. 
Мектепке  дейінгі  педагогика  –  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  даму 
заңдылықтары, тұлғасының қалыптасуы туралы ғылым. 
Мектеп  педагогикасы  әр  түрлі  оқу  мекемелерінде  (бастауыш  және  орта,  лицей, 
гимназия 
т.б.) 
оқушыларды 
тәрбиелеудің 
және 
және 
оқытудың 
заңдылықтарытуралы бай ғылыми мәлімет жинаған педагогика ғылымының саласы. 
Арнаулы орта білім беретін педагогика  орта арнаулы оқу орындарының білім беру 
мазмұнын, формаларын және кәсіптік тәрбиенің мәселелерін зерттейді. 
Жоғары  мектептің  педагогикасы  ондағы  оқу-тәрбие  процесінің  заңдылықтарын, 
жоғары білім алудың ерекше мәселелерін қарастырады.  
Ӛндірістік  педагогика  жұмыс  істеп  жүргендердің  оқуының,  ӛндірістің  жаңа 
құралдарына  бағыттау,  олардың  біліктілігін  арттыуру,  жаңа  мамандықтарды 
меңгерту заңдылықтарын зерттейді.  
Дефектология-дефект /лат. - кемшілік, жетіспеушілік/; ғылыми пәндердің жиынтығы 
/логопедия,  сурдопедагогика,  тифлопедагогика,  олигофренопедагогика/,  денелік, 
психикалық  және  ақыл-ой  дамуындағы  ауытқушылығы  бар  балалардың  даму, 
тәрбиелеу және оқыту ерекшелігін зерттейді. Объектісі-дамуында кемшіліктері бар 
балаларды тәрбиелеу және оқыту процесі, пәні-балалармен жұмыстағы заңдылықты 
байланыстары  және  катынастары,  мазмұнының,  формаларының,  әдістерінің  және 
құралдарының ерекшеліктері. 
Дефектология бірқатар салаларға бӛлінеді: 
а)  сурдопедагогика  (естімейтіндер,  естімейтін-сӛйлемейтін,  нашар  еститіндерді 
оқытудың және тәрбиелеудің педагогикасы); 
ә)  тифлопедагогика  (кӛзі  кӛрмейтіндерді  және  нашар  кӛретіндерді  оқыту  және 
тәрбиелеу педагогикасы); 
б)  олигофренопедагогика  (ақыл-ойы  кеміс  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу 
заңдылықтарын зерттейді); 


 
68 
в) логопедия (тілінің кемістігі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын 
зерттейді). 
Емдеу педагогикасы  (валеология)  – интеграцияланған медициналық-педагогикалық 
ғылым,  оның  негізгі  пәні  ауыратын,  нашар  күйдегі,  сырқаттанатын  балалармен 
педагогтың білім берушілік, тәрбиелеушілік іс-әрекетінің жүйесі болып табылады.  
Әлеуметтік  педагогика  балалар  мен  ересектердің  мектептен  тыс  тәрбие  және  білім 
беру аясындағы теориялық және қолданбалы ұсынбалардан тұрады. 
Әскери  педагогика  әскери  оқу  орындарындағы  және  қарулы  күштер  бӛліміндегі 
әскери  қызметкерлердің  оқытуы  және  тәрбиеленуін  теориялық  негіздеп, 
принциптерін, әдістерін, формаларын жасайды. 
Этнопедагогика  –  теориялық  ойлаудың,  ғылымның  үрiсiне  қатынасты.  Ол  халық 
бұқарасының  ӛсiп  келе  жатқан  ұрпақтың  тәрбиелеу  тәжiрибесi,  олардың 
педагогикалық  кӛзқарастары,  тұрмыстық,  педагогика,  семьялық,  рудың,  тайпаның, 
халықтың және ұлттық педагогика туралы ғылым.  
Түзетушілік  еңбектің  педагогикаға  жасалған  қылмыстары  үшін  қамаудағы 
адамдарды  қайта  тәрбиелеудің  теориялық  негіздемесі  және  практикалық 
ұсынбалары жатады. 
Салыстырмалы  педагогика  -  ғылыми  пән:  объектiсi  -  әртүрлi  елдердегi  тәрбиелiк 
және  бiлiм  берушiлiк  жүйелер;  пәнi  –  сол  жүйелердiң  iс  атқаруының  және 
дамуының  заңдылықтары.  Әртүрлi  халықтардың  тәрбиелеушiлiк-бiлiм  берушiлiк 
жүйелерiн  салыстырып  талдау,  ондағы  жалпы  және  жекелiк  ерекшелiктердi 
анықтау, халықаралық тәжiрибенi саналы қолдану ұлттық педагогикалық мәдениеттi 
байытады. 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет