Ӛзiн-ӛзі тәрбиелеу
терiс жекелiк белгiлердi жеңуге ӛзін жетiлдiруге, ӛзін
дамытуға, ӛздiгiнен бiлiм алуға бағытталған адамның саналы, мақсатты бағытталған
iс-әрекетi.
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу процесінің кезеңдері:
а) мұраттарды анықтау, күнделікті ӛмірді ұйымдастыру, ӛзін-ӛзі бақылау.
ә) мақсатты анықтау, белгіленген жұмысты орындау, жұмыс қорытындыларын
жинақтау. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге қажеттілігінің артуы жасӛспірімдік кезеңде
байқалады.
Ӛзара оқыту - оқытудың топтық әдісі, мұнда әрбір оқушы топтың мүшелеріне
мұғалім ретінде болып, рӛзі жақсы меңгерген жадығатты қалғандарына түсіндіреді,
сӛйтіп оқу жадығатын меңгерудің жалпы деңгейінің орнауына жағдай жасайды.
Ӛзара әрекет жасау /взаимодействие/
әртүрлi объектiлердiң бiр-бiрiне әсер ету
процесi, олардың ӛзара байланысы, ӛзара шартты болуы, бiр-бiрiне ӛтуi. Бiр
объектiнiң екiншi объектiнi туғызуы. ӛзара әрекет жасау
объективтi және әр жақты
сипатта болады. ӛзара әрекет жасауға мысал ретiнде жеке адам мен iс-әрекеттiң,
оқыту процесiнде мұғалiм мен оқушылардың т.б. келтiруге болады.