Оқытудың бiлiм беру функциясы - оқыту процесi оқушыларда iс-әрекеттiң
шығармашылық тәжiрибесiн, бiлiмдi, iскерлiктi және дағдыны қалыптастыруға
бағытталған.
Оқытудың дамыту функциясы /функция-лат.iс-әрекет/
оқыту процесiнде
баланың сӛйлеуi, ойлауы, сенсорлық және қозғалу сфералары, эмоционалдық-
ерiктiк және сұраныстық-мотивациялық аяларында даму жүзеге асырылуы. Оқыту
дамытушылық сипатта болады, егер де жеке адамды дамытуды мақсат етiп қойса, ол
үшiн оқыту мазмұнында, оқыту процесiн дидактикалық ұйымдастыруда таңдау
жүргiзiп, жүзеге асыру қажет.