Оқытуды ҧйымдастырудың топтық формасы
нақты оқу мiндетiн шешу үшiн
сабақта оқушыларды топқа бұледi, әрбiр топқа белгiлi бiр тапсырма берiледi.
Сабақта жүзеге асырылу түрлерi: жаратылыстану-ғылыми пәндерде практикалық
жұмыстарды, лабораториялық және практикум жұмыстарын жүргiзгенде; шет
тiлдерiнде ауызекi сӛйлесу формаларын меңгергенде, текстердi, тарихи
документтердi
зерттегенде,
конструкторлық-техникалық
тапсырмаларды
орындағанда т.б.
Оқытуды жекелендiру /индивидуализация обучения/
1) оқыту процесiн ұйымдастыру, онда оқытудың тәсiлiн, қарқынын таңдау
оқушының жеке ерекшелiгiмен шартталады;
2) жекелiк тұрғыны қамтамасыз етiлетiн әртүрлi оқу-әдiстемелiк, психологиялық-
педагогикалық және ұйымдастыру басқару шаралары.
Оқыту бағдарламалары
бiлiм мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға
және оқытылатын курс тараулары мен тақырыптарына бұлiнетiн сағаттар саны
белгiленедi.
Оқулық
белгiлi бiр оқу пәнi бойынша бағдарламаға сәйкестi ғылыми бiлiмдердiң
негiздерi баяндалады. Мұғалiм оқулықты басшылыққа ала отырып, оқушыларға
iскерлiк дағды және бiлiм алуының негiзгi кӛзі ретiнде пайдаланады.