Ата-аналар комитеті – мектептің ӛзін-ӛзі басқару ұйымдарының бірі. Оны ата-
аналар жұртшылығы құрады және ол мектептің оқу-тәрбие және шаруашылық
міндеттерді шешуге кӛмектеседі. А.-а. к. белсенді, ықыласты ата-аналардан
құрылады.
Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарты – мүшелерінің ата-аналар
ұжымының есеп беруі болып табылады. Аутизм /гр.autos-ӛзі/ - ішкі дүниесіне бағытталған зейіндік психикалық жағдай,
адамдар тобынан, ұжымынан жатсыну, шеттеу, аутизм дұрыс емес тәрбиенің және
ауырғандықтың нәтижесі.
Аффект - /лат.affectus/ - ішкі сезімнің тынышсыздығы, құмарлық – қатты
кӛріністегі денелік қозғалыспен болатын қысқа мерзімді, бұрқ етпе, ӛте күшті
эмоциялық реакция. Аффект күйде адам кӛбіне ӛзінің не істегенін нашар анғарады,
ӛзін-ӛзі ұстай алмай қалады. Аффект қауіпті, кӛбінесе күтпеген жағдайда адамның
10
соған сәйкесті шешімін таба алмағанда дамиды. Қоғамдағы мәдени мінез-құлықтың
тұрақты әдеттерін бойына жинаған тәрбиелі адам аффектіні тежей алады.