Оқытудың қарама-қайшылықтары – танымның қозғаушы негізі қарама-
қайшылықтар болады. Оқыту процесінің ең негізгі қарама-қайшылықтарын оқыту
кезінде пайда болатын танымдық және практикалық міндеттер мен бурыннан бар
білім дәрежесімен, іскерліктермен, ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық
оқытудың қозғаушы күші болады. Сонымен қатар оқу материалын баяндау
логикасы мен оны оқушылардың игеру процесі аралығындағы; теориялық білімдер
мен іс жүзінде оларды қолдану арасындағы қарама-қайшылықтар баршылық.
Оқыту процесi
бұл оқушыларға бiлiм беру, тәрбиелеу және жалпы дамыту
мiндеттерiн шешетiн мұғалiм мен оқушылардың мақсатты бағытталған,
бiрiздiлiкпен ӛзгерiп отыратын бiрлескен iс-әрекетi. Оқыту процесі құрылымы:
мақсаттық, сұраныстық – мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік – операциялық,
тексеру-реттеушілік (мақсат, міндеттері, ұстанымдары, мазмұны, формалары,
әдістері, нәтижелері).