Оқыту заңдылықтары
табиғаттың, қоғамның, ойлаудың жалпы заңдылықтарын
диалектика қарастырады, сонымен бiрге тар шеңбердегi құбылыстарды қамтитын
ерекше заңдылықтар болады. Мiне соларға оқыту процесiне тән заңдылықтар
жатады. Оларды жүзеге асыру арқылы оқушыға бiлiм беруде, тәрбиелеуде және
дамытуда жетiстiктерге жетедi. Оқыту заңдылықтары: оқытудың қоғамдық
қажеттiлiк пен үйлесiмдiлiгi; оқытудың оған жасаған жағдайға тәуелдiгi; оқыту,
тәрбие және даму процестерiнiң ӛзара шарттылығы; бiртұтас оқу процесiндегi
оқытудың мақсаты, мазмұны, әдiстерi мен формалары арасындағы шарттылық.