Оқыту ережелері – қандай да бір оқыту принципін қолданудың жекелеген жағын
ашып кӛрсететін басқарушы жағдайы, тәртібі. Ереже оқыту принципінен шығады.
Принциптер оқыту ережесі арқылы жүзеге асады. Олар принциптерді жүзеге
асырудың құралы болып табылады. Мысалы, саналық және белсенділік принципі
мынадай оқыту ережесі арқылы жүзеге асады: істелінетін жұмыстың мақсаты мен
міндеттерін анық түсіну саналы оқытудың маңызды шарты; оқушылардың бірін-бірі
оқытудың күшін пайдаланыңыз т.б.
Оқу жоспары
оқу пәндерiнiң құрамын әрбiр сынып және пән бойынша апталық
сағат санын анықтайтын мемлекеттiк құжат.