Оқытудың әдіснамалық негіздері Оқытудың әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары
құрайды (гносеология).
Оқытудың әдіснамалық негізі тӛмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді:
танымдық жалпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс, объективті ақиқаттық
құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы,
дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау;
абстрактілік және нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория және
тәжірибенің бірлігі; анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-
қайшылықтың ролі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән
мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік
пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдісманалық
принциптер (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі,
детерминизм, тарихилық және диалектикалық таным принциптері).