наркотиктердi /есiрткiнi/ қолдану әдетi,
физиологиялық жағынан жүйке жүйесiнiң патологиялық ӛзгеруiне, педагогикалық
жағынан жеке адамның азуына әкелiп соқтырады.
Невроз /гр.neuron-нерв/ - нервтік-психикалық бӛзылуының кеңінен тараған тобы.
Оның негізінде әр түрлі қайшылықтардың нәтижесіз шешілуі, сұраныстардың
қанағаттанбауы, ӛмірлік мақсаттардың орындалмауы т.б. жатады.
Никотин
темекi түтiнi құрамындағы уытты /токсикалық/ зат.
Нышан /задатки/
организмнiң анатомиялық-физиологиялықерекшелiгi, соның
iшiнде алдымен орталық нерв жүйесiнiң, ал ол ӛз кезегiнде қабiлеттi дамытудың
алғышарты болады.
Ноосфера /гр. ноос - ақыл және сфера/
қоғам мен табиғаттың ӛзара әрекеттестiгiн
ойдағыдай ұйымдастырып, қоршаған ортаның нашарлануына әсер ететiн, талан-
таражға салатын жыртқыштық, апатты әрекетке жол бермеу. Ол биосфераның жаңа
сапалық күйi. Ол оған деген цивилизацияның ақылды ―әлемдiк‖ /В.И.Вернадский/
iс-әрекеттерiнiң нәтижесi болады. Ноосфера жоғары жүйе ретiнде табиғатты
әлеуметтiк қамтуды қамтамасыз етедi және аз дәрежедегi /елдер, халықтар, т.б./
жүйелерге әсер етедi. Адамзат
биосфераның функциясы, ал адамзаттың ӛзіне
берiлген функция
жерде және әлемде ӛмірдi сақтау және дамыту.
В.И.Вернадскийдiң биосфералық-ноосфералық тұжырымдамасы дүниежүзiлiк
ұйымдарда стратегиялық жоспарлауда және болжауда барған сайын есепке алынуда.