Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Мҧғалiмнiң  ақпараттық  сҧраныстары



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет136/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Мҧғалiмнiң  ақпараттық  сҧраныстары 

  ӛзінiң  кәсiптiк  даярлығының  дәрежесiн 
арттыруға  қажеттi,  педагогика  және  психология,  жеке  әдiстеме  аясындағы 
бiлiмдердi толықтырып және жетiлдiруге, мәдени және ой-ӛрiсi дәрежесiн арттыруға 
мұғалiмнiң ақпарат алуға деген сұранысы. Ақпараттық сұраныстар қоғамдық мәнге 
ие, себебi ол ӛзінiң iс-әрекетiнiң қоғамдық мәнiн ұғыну нәтижесiнде пайда болады. 
Сонымен бiрге ортаның талабы нәтижесiнде онда ақпараттық сұраныс қалыптасады. 
Мҧғалiмнiң  беделi 

  оқушылардың  мұғалiмнiң  құндылық  мәндiлiгiн  мойындап 
және  осыған  негiзделген  оның  тәрбиелiк  және  бiлiм  берушiлiк  әсерiнiң  күшi. 
Мұндай  құндылықтар  қатарына  енетiндерi:  үйiрсектiк,  әдiлдiгi,  балаға  деген 
сүйiспеншiлiгi, педагогикалық шеберлiгi т.б. 
Мҧрат  /идеал/  -  адам  тап  қазір  басшылыққа  алатын  және  оның  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу 
жоспарын  анықтайтын  образ.  Жоғары  адамгершілік  мұраттың  болуы  адамның 
жоғары  дәрежеде  даму  деңгейін  кӛрсетеді,  оның  ниетінің  түзулігін  және  іс-
әрекеттегі мақсаттылығын танытады. 
Мiндет 

  мақсаттың  бӛлігі,  оның  құрамдасы,  қосындысы.  Мiндет  мақсатқа  жалпы 
қозғалыстың  басқышы,  бұл  iс-әрекеттiң  нәтижеге  жетуiнiң  бӛлігі,  онсыз  жалпы 
нәтижеге  қол  жету  мүмкiн  емес.  Мақсатты  қосынды  элементтерге  бұлгенде  мiндет 
пайда болады. 
Мінез  -  күрделі  синтетикалық  құрылым,  онда  адамның  рухани  ӛмірінің  мазмұны 
мен формасы бірлікте кӛрініс танытады. М. жеке адамды толық сипаттай алмайды, 
алайда  оның  қасиеттерінің,  бағыттылығы  мен  еркінің,  интеллектілік  және 
эмоциялық 
сапаларының 
темпераменттен 
байқалатын 
типологиялық 
ерекшеліктерінің күрделі жүйесін құрайды.  
Мінез-қҧлық  (поведения)  –  адамның  генетикалық  ерекшеліктеріне  байланысты 
болып,  ӛмір  жағдайларына  сәйкес  және  олардың  ықпалымен  байқалып  отыратын 
тұрақты  психикалық  ерекшеліктерінің  жиынтығы.  М-Қ  адамның  ӛзіне,  басқа 
адамдарға,  тапсырылған  іске  қалай  қарайтынынан  байқалады.  Ол  оның  бүкіл 
тәртібіне  әсер  етеді.  Адам  м-қ  бастапқы  кӛрінісі  –  қылық.  Мұнда  тұлғаның 
беталысы, адамгершілік талғам-сенімі кӛрініс береді.  
Міндет  /танымдық,  оқу,  тәрбиелеушілік,  зерттеушілік/  -  мақсатқа  деген 
қозғалыстың буыны, кезеңі, жағдайды қзгертуді талап ететін, нақты берілген мақсат. 
Міндетке мынадай бағалаушылық сипат беріледі: бірінші кезектегі, жақын, ақырғы, 
қойылған, белгіленген, іргелі, негізгі, басты, ерекше, нақты, анықталған.  
 
 
 


 
55 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет