Антропология педагогикалық – тәрбиелеудің философиялық базасы, ол арқылы
тәрбиенің құрылымын тек адамның тұтас табиғатының құрылымымен
арақатынасын түсінуге мүмкіндік береді; тұлғаның қоғамның және танымның
дамуының табиғаты және мәні туралы педагогикалық түсіндірілген білімі; «адамды
оның табиғатын барлық кӛрінісінде тәрбиелеу ӛнеріне арнайы салып зерттеу»
(К.Д.Ушинский). А.п. бойынша тәрбие адам болмысының атрибуты ретінде
түсініледі. Анықтама (дефиниция) – сол арқылы ұғымның мазмұны ашылатын, бұл ұғымды
бейнелеген объектілердің мәнді белгілері мәлім болатын логикалық әдіс. Оқыту
процесінде А. терминдердің, бастау ұғымдардың дәлме-дәл мағынасын белгілеу
үшін пайланылады.
Арсыздық - моральдық норманы қара ниетілікпен аяққа басу, адамға маңызды және
қымбат нәрсеге арсыздықпен қарау. Арсыздық – рухани кедейлік, идеясыздық,
жүрексіздік қасиет. Оған ұжданы алдында азап шегу сияқты сезім жат. Арсыз
адамдар еңбекке ынтасыз, ӛзін ұжым мүшесі деп сезінбейді, достықты,
жолдастықты және ӛзара кӛмекті мойындамайды.