Мангеймдік мектеп жҥйесі - саралап (дифференциялап) оқытудың жүйесі. Ол
Германиядағы халық мектептері үшін ХХ ғ. басында пайда болды. 4 түрлі
сыныптардан тұрды: орташа қабілетті балалар үшін; қабілеті тӛмен балаларға –
дамыту сыныптары; ақыл-ой кемістілерге – кӛмекші сыныптар; реалдық
мектептерде, гимназияларда оқимын деген балалар үшін сыныптар.
Мектепішілік қадағалау - мектепішілік қойылған міндетке сәйкесті бүкіл
жұмысты үйлестіру мақсатындағы мектептің оқу-тәрбие процесін жан-жақты
зерттеу және талдау, сӛйтіп білім берудің жоғары сапасына қол жеткізеді. Білім беру
сапасы - білім мекемесінің білім беру процесіне әр түрлі қатысушылардың күткеніне
қанағаттанғанның дәрежесі.