Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Мамандық  (специальность    



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет123/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Мамандық  (специальность

 

  бiлiмi  туралы  тиiстi  құжаттармен  расталған  белгiлi 
бiр қызмет түрi үшiн қажеттi, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжiрибесi арқылы 
алынған бiлiм, шеберлiк және дағдылар кешенi. 
Мазасыздану  /тревожность/  -  адамның  тынышсыздыққа,  үрейлілікке      әсерленуге 
деген бейімділігі. 
Макаренко  А.С.  (1888-1939)  –  аса  кӛрнекті  совет  педагогы.  1920  ж.  Полтавадан  6 
км.  жердегі  заң  бұзушы  жас  балалар  колониясын  ұйымдастырды.  Кейіннен 
А.М.Горький атымен аталған осы колонияны 8 жыл басқарады. 
 
1920-1935 
жылдарда  Харьковтағы  Ф.Я.Дзержинский  атындағы  еңбек 
коммунасын басқарды. 1939 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады.  
Еңбектері:  Педагогикалық  дастан,  Мұнара  үстіндегі  тулар,  Ата-аналар  үшін  кітап, 
Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар. 
Ұжым  ішінде,  ұжым  үшін,  ұжым  арқылы  тәрбиелеу  М.  тәрбие  жүйесінің  негізгі 
және орталық идеясы болды. Сынып ұжымын, бүкіл мектеп ұжымын оқушылардың 
тәрбиелік  бірлестігі  деп  қарастырды.  Жоғары  ұйымдасқан  топ  ретіндегі  ұжымның 
белгілерін  анықтады:  жалпы  әлеуметтік  мәнді  мақсат;  бірге  іс-әрекет  істеуі;  ұжым 
мүшелері  арасындағы  жауапкершілікті  қатынас;  жалпы  сайланған  басқарушы 
органдардың болуы. 
«Талап»  ӛлшемін  негізге  ала  отырып  ұжымның  дамуын  3  сатыға  бӛлген.  Бірінші 
сатыда  талапты  тек  мұғалім  қояды,  екінші  сатыда  белсенділердің  ықпалы  артады, 
үшінші  сатыда  талапты  әр  оқушы  қоя  алады.  Ұжымды  тәрбиелеуге  байланысты 
дәстүрлерді, перспективаларды жасап шығарды. 
М.  тәрбие  процесінде  тәртіп  бұзушы  тәрбиеленушілерге  қарсы  кең  түрде  балалар 
ұжымының  осы  мәселеге  байланысты  «параллельді  ықпал  ету»  әдісін  шебер 
қолданған.  Бұл  әдіс  бойынша  тәртіп  бұзған  кінәлі  оқушыларға  әр  уақытта  тікелей 
педагогтың араласуы міндетті емес. Мұндай жағдайда тәрбиеші тәрбиеленушілерге 
ұжым мүшелері, белсенділері арқылы ықпал етуді ұйымдастырады. 
Маргиналдар  (лат.  –  шетте  тұрғандар)  -  әртүрлі  әлеуметтік  институттар,  топтар, 
ұлттардың  арасындағы  орын  алған  тұлғалар.  Олар  нақты  біреуіне  жатудың 
белгілеріне айырылған. 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет