Логикасы психологиялық - педагогикалық зерттеудің - қойылған міндеттерді
шешуді қамтамасыз ететін іздеушілік қадамдардың мазмұны және бірізділігі.
Лабораториялық әдіс - оқушылардың ӛздігінен зерттеу, эксперимент жасауына
негізделеді және физика, химия, биология пәндерін оқығанда кеңінен қолданады.
Л.Ә. құралдармен жұмыс істеу іскерлік және дағдыны меңгеруге, ӛлшеу, нәтижені
ӛңдеу, салыстыру сияқты практикалық іскерліктерді менгеруге мүмкіншілік береді.
М Магистр
лат.magister
мұғалiм, тәлiмгер; жоғары кәсiптiк бiлiмнiң тиiстi бiлiм
беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже мен
бiлiктiлiк.
Мадақтау
бұл баланың жағымды мiнез-құлқын ынталандыру құралы. Түрлерi:
құрметтi мiндеттер тапсыру/лаборанттық, мұғалiм ассистентi т.б./кӛтермелеу
сыйлықтары, құрметтi және мақтау грамоталары, ұжымдық және жеке алғыс,
стипендиялар, ―Алтын белгi‖ белгiсiмен марапатталуы т.б.