Артистизм педагогикалық - педагогтың тұлғалық белгісі, онда образдық ойлау,
мінез-құлықтағы және сӛйлеудегі жарқындық, ақылға сыйымды экспрессия мен
жағымдылық дамыған, аудиторияға, оқушыларға эмоционалдық қаныққан әсер
етуге мүмкіншілік береді.
Антисемитизм – еврейлерге деген ӛшпенділік қатынастың формаларының бірі.
Антология - арнаулы әдеби-кӛркем шығармалардың жинағы, онда белгілі бір
халықтың, дәуірдің, жанрдың т.б. әдебиеті кӛрінісі табады. Антология
ағартушылардың, педагогтардың, ғалымдардың тәрбие және оқыту бойынша ӛздері
жазған текстері баршылық, білім саласындағы мамандарға Ресейдің, Қазақстанның
т.б. педагогикалық ойларының антологиясы жарық кӛрді.
Антропогенез /гр. Anthropos - адам және genesis - пайда болу/ - адамның пайда
болуы және дамуы. Антропогенез органикалық дүниенің тарихындағы бұрын-соңды
9
болмаған биологиялық аядағы дамудан әлеуметтікке сапалы секіру болып
табылады.
Антропологизм – адамды табиғаттың ең жоғары және жетілдірілген ӛнімі ретінде
қарастыратын ғылыми тұжырымдама.