Қҧрылымы сабақтың – сабақтың тұтастығын қамтамасыз ететін, сабақтың
элементтерінің жиынтығы. Құрылымдық элементтері: сабақтың басталуын
ұйымдастыру, сабақтың мақсатын және міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту,
қайталау, үй тапсырмасы, сабақты қорытындылау. Қҧнанбаев Абай /1845-1904/ - ұлы ойшыл ақынның поэтикалық шығармалары мен
―Ғаклия‖ сӛздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және
педагогикалық ой пікірлерге толы.
Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз ӛмір сүруді, ӛмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы,
адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен
алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының
әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы, оның
педагогикалық кӛзқарастарының дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-
пікірлерімен терең қабысып жатқандығын айтады. Абай адам мінезінің қалыптасуы
тәрбие байланысты екенін дәлелдеді. Ӛзінің отыз жетінші сӛзінде: ―Мен, егер заң
қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін
кесер едім‖ – деді. Ол жастардың белгілі бір мамандық игеруін уағыздады, олардың
жұбайлық ӛмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән берді. Абайдың
педагогикалық кӛзқарасындағы басты нысана ―Атаның баласы болма, адамның
баласы бол... жақсы кӛпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін‖ деген гуманистік ой-
пікірді қуаттау болды. Абай психологиялық арнайы еңбек жазбаса да оның ӛлеңдері
мен қара сӛздерінде психологияның негізгі мәселесі – жан мен тәннің арақатынасы,
адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі,
сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері
де /адамның жеке басына және жас деңгейіне байланысты ерекшеліктер әдеп, үлгі-
ӛнеге, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу жайлы, ӛсумен үйретудің психологиялық негіздері, ұлттық
мінез-құлық т.б./ кӛрініс тапқан.
Абай ұрығын сепкен оқу, ӛнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері
егеменді еліміздің рухани қазынасына айналып отыр.