44
диссертация қорғайтын диссертациялық кеңестер құрады, кандидаттық және
докторлық ғылыми дәрежені, доценттік және профессорлық атақты береді.
Қажеттiлiк /потребность/ - ӛмір мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның
міндетті түрде керек ететін қажетсінушілері. Қ.адам бойындағы белсенділік сезімін
оятады, ойлау қызметін тудыратын негізгі күш. Түрлері: материалдық, рухани,
танымдық, эстетикалық, қоғамдық, еңбектік, қарым-қатынас жасау т.б.
Қатынас /отношение/ - философиялық категория, белгілі бір жүйенің
әлементтерінің ӛзара байланысын сипаттайды.
Объективті Қ. әртүрлі формаларда сандық немесе сапалық ӛзара байланыста
кӛрінеді: математикалық, физикалық, физиологиялық, қоғамдық /мысалы,
ӛндірістік/, жеке адамдар арасындағы Қ.
Субъективті Қ. - сананың атрибуты /қасиеті/: еңбекке Қ., эмоционалдық Қ., жекелік
Қ., т.б.
Еңбекке Қ. - жеке адамдық қатынастың жоғары формасы және еңбек тәрбиесінің
нәтижесі.
Эмоционалдық Қ. - адамдар тобына, адамға және жануарларға тән психологиялық
қатынастың қарапайым формасы және эмоция түрінде кӛрінісін табады.
Басқа адамға деген Қ. – гуманизм. Ӛз ӛзіне деген Қ. – қадір-қасиет. Отанға деген Қ.
– отансүйгіштік, патриотизм. Табиғатқа деген Қ. – табиғатқа қамқорлық.
Кӛркемдікке деген Қ. – кӛркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау
қабілеті.
Поделитесь с Вашими друзьями: